Киберқылмыспен күресу бойынша семинар

Киберқылмыспен күресу бойынша семинар

2025 жылдың 5 қыркүйегінде «Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы» КЕАҚ-да Астана қаласы полиция департаментінің «Есіл» ауданы Криминалдық полиция болімінің киберқылмысқа қарсы іс-қимыл бөлімше бастығы, полиция майоры Бағдаулет Оспанбаевтың қатысуымен қызметкерлерге арналған практикалық семинар өткізілді.

Семинар интернет және телефон арқылы алаяқтық фактілерінің көбеюі, сыбайлас жемқорлыққа, алаяқтыққа және қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға қарсы күрес мәселелеріне арналды.

Іс-шара бағдарламасы өзекті тақырыптардың кең ауқымын қамтыды:

– алаяқтықпен күресудің заманауи құралдары;

– сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін бағалау және басқару.

Тренингтің практикалық компонентіне ерекше назар аударылды, бейне және слайд материалдары көрсетілді. Қатысушылар жүйелі теориялық білім алып қана қоймай, кәсіби қызметіне тікелей қатысты нақты жағдайларды талдау арқылы оны бекітті.

Семинар соңында Б.Оспанбаев семинарға қатысушылардың сұрақтарына жан-жақты жауап берді.