Хабарландыру
«Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы Қазақстан Республикасы Экология кодексінің 95 және 96-баптарының талаптарына, Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 2021 жылғы 3 тамыздағы № 286 бұйрығымен бекітілген Қоғамдық тыңдаулар өткізу қағидаларының 42-тармағының 4-тармақшасына және 43-тармағына сәйкес, 24.09.2025 жылдан бастап 07.10.2025 жылға дейінгі кезеңде «Қалдықтарды қалпына келтіру», «Қалдықтарды көму», «Қалдықтарды термиялық тәсілмен жою және кәдеге жарату» ең үздік қолжетімді техникалар бойынша анықтамалық жобаларын жария талқылаулар арқылы қоғамдық тыңдаулар өтетінін хабарлайды.
Жоғарыда көрсетілген ең үздік қолжетімді техникалар бойынша анықтамалықтардың жобаларын Бірыңғай экологиялық порталдан, Жарияланған жария талқылаулар айдарынан қарауға болады (https://ndbecology.gov.kz/).
Барлық ескертулер және/немесе ұсыныстар Бірыңғай экологиялық порталда (https://ndbecology.gov.kz/) қабылданады.
Қосымша ақпаратты мына мекенжайдан алуға болады: 010000, Астана қаласы, Гейдар Алиев көшесі, 16 ғимарат, тел.: +7 7172 797–795.