Осака, 2025 жылғы 23-24 қыркүйек – Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің қолдауымен «QazExpoCongress» ҰК» АҚ-мен бірлесіп ұйымдастырған EXPO 2025 Osaka тақырыптық аптасы шеңберінде «Көміртекті шешімдер: орнықты болашаққа бастар жол» деп аталатын сайд-ивент өтті.
Іс-шара көміртегі өтемақысын талқылауға, шығарындыларды азайтуға және тұрақты тәжірибені ілгерілетуге бағытталған маңызды оқиға болды. Қатысушылар – мемлекеттік органдардың, халықаралық компаниялар мен қаржы институттарының өкілдері – Қазақстан мен Жапония ұсынған табысты кейстерді таныстырып, экономиканы бірлесіп декарбонизациялау жолдарын талқылады.
Негізгі қатысушылар: «Жасыл Даму» АҚ, АХХО, Қазақстанның даму банкі, Қазатомөнеркәсіп, Sanshin Metal Working Co., Ltd., Finetech Co., Ltd. жапондық компаниялары және басқалары.
24 қыркүйекте B2B-күні өтті: қазақстандық делегация Nagashima Holdings, Megumi Corp., Mitsubishi Heavy Industries Power Environmental Solutions, Ltd., Finetech Co., Ltd. сияқты бірқатар жапон өнеркәсіптік және технологиялық компанияларымен және Жапонияның Экология министрлігі жанындағы OECC ұйымымен кездесулер өткізді.
Іс-шара барысында «жасыл» технологиялар, өнеркәсіптік қалдықтарды өңдеу, әсіресе металлургия секторында және JCM (Joint Crediting Mechanism) тетігі саласында тәжірибе алмасу мәселелері талқыланды, Жапония осы тетік арқылы әріптес елдерде төмен көміртекті шешімдер енгізуге қолдау көрсетеді. Қазақстан JCM-жобаларға белсенді қатысуға дайын екенін білдірді.
Сессияда сөз сөйлеген ЕХРО өкілдері Қазақстан үшін Жапониямен экологиялық ынтымақтастықты тереңдетудің, әсіресе орнықты даму саласындағы технологиялар трансфері мен бірлескен инвестициялық жобалардың әлеуеті зор екенін атап көрсетті.