Қазақстан Нью-Йоркте өткен БҰҰ брифингінде орнықты даму бойынша бастамаларын ұсынды

Қазақстан Нью-Йоркте өткен БҰҰ брифингінде орнықты даму бойынша бастамаларын ұсынды

Нью-Йорк – БҰҰ Бас Ассамблеясының 80-ші сессиясының аясында 2026 жылдың сәуір айында Астанада өтетін Өңірлік экологиялық саммитке (ӨЭС) дайындық бойынша брифинг өтті.

БҰҰ Бас хатшысының көмекшісі, БҰҰДБ Еуропа және ТМД бойынша өңірлік бюросының директоры Ивана Живкович Қазақстанның Каспий теңізін тұрақты пайдалану және сақтау мәселелеріндегі көшбасшы дәрежесін атап өтті.

Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев БҰҰ-мен бірлесе отырып Орталық Азияда орнықты даму мен экологиялық қауіпсіздікке қол жеткізуге бағытталған 2026-2030 жылдарға арналған бесжылдық іс-қимыл бағдарламасының жобасын таныстырды.

Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығының Басқарма төрағасы Сәкен Қалқаманов 2026 жылғы Өңірлік экологиялық саммит аясында Астанада негізгі іс-шара ретінде халықаралық жасыл технологиялар көрмесін өткізу жоспарланып отырғанын хабарлады.

СОР29 Президенті, Әзербайжан Президентінің климат мәселелері жөніндегі арнайы өкілі Мұхтар Бабаев жасыл энергетиканы дамытудың бүкіл өңір үшін маңыздылығын атап көрсете отырып, Қазақстанның бастамаларына ерекше қолдау білдірді.

БҰҰ ЕЭК атқарушы хатшысы, БҰҰ Бас хатшысының орынбасары Татьяна Молчан табиғатқа бағдарланған шешімдерді дамытудың маңыздылығына назар аударып, экологиялық қызметтің нәтижелілігіне өңірлік шолу жүргізуді ұсынды.

ЮНЕП Нью-Йорк Кеңсесі Басшысының орынбасары Джамиль Ахмад агенттіктің Қазақстанның және бүкіл өңірдің экологиялық және климаттық бастамаларын қолдауға әзір екенін растады.

БҰҰ Бас хатшысының көмекшісі, БҰҰДБ Еуропа және ТМД үшін өңірлік бюросының директоры Ивана Живкович Қазақстанның Каспий теңізін тұрақты пайдалану және сақтау мәселелеріндегі көшбасшы ел екенін атап көрсетті.

Брифинг қорытындысы бойынша БҰҰ Агенттігі 2026-2030 жылдарға арналған іс-қимыл бағдарламасына қолдау білдіріп, тұрақты даму және климаттық саясат саласындағы бірлескен жобаларды іске асыру бойынша Қазақстанмен ынтымақтастыққа мүдделілігін растады.