Шанхай, 2025 жылғы қыркүйек — Шанхайда өткен Жасыл және төмен көміртекті инновациялар форумы аясында Qazaq Electric – Enaergy Technology Co., Ltd, Chinese Energy Engineering Group және Ohho Group сияқты жетекші қытайлық серіктестермен – ниет туралы үш хатқа (Letter of Intent) қол қойды.
Келісімдер Қазақстанның Тұрақты энергетика және “жасыл” технологиялар саласындағы инвестициялық және технологиялық әлеуетін таныстырған Qazaq Electric өкілі Қайрат Қарымсақовтың Қытайға сапарының нәтижесі болды. Республикада электромобильдерді зарядтау станцияларының (EV Charging Stations) желісін құру жөніндегі жобаға баса назар аударылды.
Қол қойылған ниет туралы хаттарда төмендегілер көзделген:
- тұрақты энергетика жобаларына Қытай инвестицияларын тарту;
- электромобильдерге арналған зарядтау инфрақұрылымы желісін дамыту;
- арнайы техниканы өндіру және жеткізу;
- “жасыл” технологияларды енгізу бойынша консорциум құру және коммерциялық тұрғыдан тиімді бірлескен кәсіпорын қалыптастыру.
Қазақстанның төмен көміртекті экономикаға және тұрақты көлікке көшуіне ықпал ететін жобаларды бірлесіп іске асыруға Тараптар өзара қызығушылық білдірді.
Экологиялық шешімдерді ілгерілету және “жасыл” трансформация саласындағы халықаралық ынтымақтастықты нығайту жөніндегі платформа ретінде әрекет ететін халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы (ХЖТИЖО) жоғарыда аталған сапарды ұйымдастырып, келіссөздерге сүйемелдеу жасады.
Qazaq Electric бастамасы Форумның басты оқиғаларының бірі бола отырып, қытайлық компаниялардың Қазақстанмен бірлескен экологиялық және технологиялық бастамаларға жоғары қызығушылығының көрсеткішіне айналды.