Алматы, 2025 жылғы 13-14 қазанда – Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы (IGTIC) SWITCH-Asia бағдарламасының және Орталық Азияға арналған өңірлік экологиялық орталықтың (CAREC) қолдауымен Алматыда өткен тұрақты тұтыну, өндіріс және айналымды экономиканы дамыту мәселелері бойынша екінші өңірлік диалогқа қатысты.
Кездесудің негізгі тақырыбы орнықты өсу және экологиялық қауіпсіздік құралы ретінде айналымды экономикаға өңірлік тәсілді қалыптастыру болды. Диалог аясында Орталық Азия елдерінің, бизнес пен халықаралық ұйымдардың өкілдері арасында парла-мент сессиялары, панельдік пікірталастар және тәжірибе алмасу өтті.
Күн тәртібіндегі негізгі тармақтардың бірі Қазақстан Республикасы Президентінің бастамасымен Астанада 2026 жылғы сәуірге жоспарланған Өңірлік экологиялық саммит аясында іске қосужоспарланған Айналымды экономика бойынша серіктестіктің негіздемелік бағдарламасының жобасын талқылау болды.
Қазақстан елдегі айналымды трансформацияны қолдауға бағытталған ағымдағы бастамаларын ұсынды. ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Арман Қалықов қазақстандық тәжірибемен, оның ішінде – Қалдықтардың барлық түрлерін басқару тұжырымдамасын әзірлеу, экологиялық реттеуді жетілдіру, жасыл акселераторды дамыту және орнықты технологиялық шешімдерді ілгерілету жұмыстарымен таныстырды.
Қазақстанның өңірлік диалогқа қатысуы оның Орталық Азиядағы орнықты даму және айналымды экономика қағидаттарын ілгерілетудегі белсенді рөлінің тағы бір дәлелі болды. Іс-шара барысында қол жеткізілген қорытындылар мен уағдаластықтар 2026 жылғы Өңірлік экологиялық саммитке әрі қарайғы дайындықтың негізін құрайды.