2025 жылғы 28 қазан – «Overseas Market Investment Seminar & Eco Expo Pre-Briefing» онлайн-семинарында 100-ге жуық қытайлық компанияға Қазақстанда және өңір елдерінде жасыл технологиялар саласындағы ынтымақтастық пен инвестициялар мүмкіндіктері туралы ақпарат берілді. Іс-шараны «Бір белдеу, бір жол» экологиялық технологиялар трансфері орталығы (B&RETTC, Шэньчжэнь) Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығымен (IGTIC) бірлесіп ұйымдастырды. Хэнань және Цзянсу провинцияларының қоршаған ортаны қорғау қауымдастығы қолдау көрсетті.
Семинар ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылғаннан кейін 2025 жылдың мамырында басталған IGTIC және B&RETTC арасындағы серіктестіктің жалғасы болды. Бастаманың мақсаты: экологиялық шешімдермен халықаралық алмасуды кеңейту, трансшекаралық инвестицияларды ынталандыру және инновацияларды әлемдік нарықтарға шығару үшін жағдай жасау.
IGTIC Казахстан атынан өзі сүйемелдейтін: Kemel, Soil Solution, Kazecotech, TapQan Tech және Birch стартаптарын ұсынды. Компаниялар қалдықтарды өңдеу технологияларын, электромобильдерге арналған зарядтау инфрақұрылымын, экологиялық таза материалдарды және тұрақты агротехнологиялық өндірісті таныстырды.
Бағдарлама шеңберінде қатысушылар Қазақстан мен Перудың инвестициялық мүмкіндіктерімен, сондай-ақ Eco Expo көрмесіне қатысу перспективаларымен танысты, мұның өзі ынтымақтастық пен жасыл технологиялар саласына инвестициялар тартудың жаңа бағыттарын ашады.
Тараптар бірлескен бастамаларды жалғастыру, инновациялық компанияларды қолдау және орнықты даму саласындағы халықаралық байланыстарды нығайту ниетін растады.



