Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығының (IGTIC) өкілдері Бразилияның Белен қаласында өткен БҰҰ Климаттың өзгеруі туралы негіздемелік конвенциясы (СОР30) тараптарының 30-шы конференциясына қатысты.
IGTIC көміртексіздендіру, орнықты даму және жасыл технологиялар трансферті саласындағы өзінің өңірлік бастамаларын ұсына отырып, бірқатар маңызды сайд-ивенттердің ұйымдастырушысы және бірлесіп ұйымдастырушысы болды. Сондай-ақ, Орталық командасы инвестициялар, әріптестік және климаттық шешімдер мәселелері бойынша халықаралық әріптестермен бірқатар стратегиялық кездесулер өткізді.
IGTIC қатысқан басты шаралар:
2025 жылғы 13 қарашада IGTIC ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігімен бірлесіп ұлттық павильон платформасында «Көміртексіздендіруді инвестициялай: жасыл технологиялардың сервистік операторы – қазақстандық модель және өңірлік перспективалар» атты сессияны өткізді. Технологияларды коммерцияландыру жөніндегі құзыреттер кеңсесінің басшысы Айдар Есембаев өңірде «жасыл» жобаларды іске қосу үшін аралас қаржыландыру тетігі ретінде сервистік оператордың моделін таныстырды.
Орталық сондай-ақ Жапонияның Қоршаған орта министрлігімен, ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігімен және Чуо университетімен бірлесіп іске асырылған «Климаттың өзгеруінің салдарын жұмсартуға арналған инновациялар: жасыл технологиялар және GOSAT спутнигін пайдалана отырып Орталық Азия мен Моңғолия арасында өңірлік ынтымақтастық жасасу» атты сессияның тең ұйымдастырушысы болды. Есембаев мырза Қазақстан тәжірибесіне негізделген Орталық Азиядағы «жасыл акселерация» бастамасын таныстырды.
Өңірлік климаттық сессияларға қатысу:
▪️ «Уәдеден прогреске көшу: ҰДАС 3.0 арқылы Орталық Азияның климаттық әрекеттері және метанды қысқарту» (ОАӨЭО)
▪️ «Орталық Азияда цифрлық көміртегі платформасын қалыптастыру» («Жасыл Академия» ҰО)
▪️ «Орталық Азиядағы климаттық көші-қон және «жасыл» дағдылар» (МОМ және климаттың жобалық кеңсесі)
Екіжақты кездесулер және бастамаларды ілгерілету:
COP30 аясында Жасыл климат қоры (GCF), Еуропалық қайта құру және даму банкі (ЕҚДБ), Азия даму банкі (АДБ), Дүниежүзілік банк, сондай-ақ CTCN, CAAC, Carbon Mapper және CATF сияқты негізгі халықаралық ұйымдар мен қаржы институттарының өкілдерімен келіссөздер жүргізілді. Сондай-ақ KEITI (Оңтүстік Корея), Бразилияның Ұлттық экономикалық және әлеуметтік даму банкімен (BNDES) және Чуо университетімен (Жапония) ынтымақтастыққа ерекше назар аударылды. Бұл кездесулер одан әрі өзара іс-қимыл, бірлескен бастамаларды дамыту және Қазақстанның климаттық жобаларын халықаралық аренада ілгерілету мүмкіндіктерін талқылау үшін маңызды алаңға айналды.
СОР30-ға қатысу Қазақстанның климаттық бастамаларын ілгерілету, өңірлік көшбасшылықты күшейту және жасыл технологиялар саласындағы ынтымақтастықты кеңейту және Орталық Азияны орнықты дамыту үшін маңызды қадам болды.







