ҚР Экологиялық кодексіне сәйкес, 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап I санаттағы объектілер ЕҚТ қолдануға және объектілердің ЕҚТ бойынша анықтамалықтарда көрсетілген эмиссия деңгейлеріне сәйкестігіне негізделген кешенді экологиялық рұқсаттар алуға міндетті.

ЕҚТ енгізу кезінде өнеркәсіп эмиссияларға салықтық экологиялық төлемдерді төлеуден босатылады, ал КЭР-ге ауыспайтын кәсіпорындар үшін экологиялық төлемдер біртіндеп 2, 4 және 8 есеге ұлғайтылады.

Осыған байланысты Орталық ЕҚТ бойынша анықтамалықтар әзірлеуде.

2021-2023 жылдары кәсіпорындар үшін ЕҚТ бойынша 16 анықтамалық әзірленді:

0 Тау-кен металлургия саласы
0 Химия өнеркәсібі
0 Мұнай-газ саласы
0 Энергетика саласы

Жүргізілген жұмыстар

Жоспар

2024 жылы ЕҚТ бойынша әзірленген анықтамалықтар
Титан және магний өндірісі
Атмосфералық ауаға және су объектілеріне ластаушы заттардың эмиссияларын мониторингілеу
Елді мекендердің орталықтандырылған су бұру жүйелерінің сарқынды суларын тазарту
Негізгі органикалық химиялық заттар мен полимерлер өндірісі
2025 жылға жоспарланған ЕҚT анықтамалықтары
Қалдықтарды термиялық тәсілмен жою және кәдеге жарату
Қалдықтарды қалпына келтіру
Қалдықтарды көму
Сирек түсті металдар өндірісі
2026 жылы әзірлеуге жоспарланған ЕҚT анықтамалықтары
Шошқаларды, ауыл шаруашылығы құстарын қарқынды өсіру
Ет комбинаттарында, ет салқындату қоймаларында жануарларды сою
Тері мен былғарыны илеу, бояу, өңдеу
Жұқа органикалық синтез өнімдерін өндіру
2027 жылға жоспарланған ЕҚT анықтамалықтары
Ағаштан немесе басқа талшықты материалдардан целлюлоза өндіру
Шыны, керамикалық бұйымдар өндірісі
Тоқыма талшықтарын бояу, ағарту, тоқыма өнімдерін бояу
Тамақ өнімдерін, сусындарды, сүт және сүт өнімдерін өндіру