Green Webinar: энергетика саласы және кадрмен қамтамасыз ету міндеттері

Green Webinar: энергетика саласы және кадрмен қамтамасыз ету міндеттері

2024 жылғы 9 ақпанда Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы вебинар ұйымдастырды, оның басты тақырыбы энергетика саласындағы кадрлық қамтамасыз ету міндеттеріне байланысты мәселелер болды. Пікірталасқа мемлекеттік органдардың өкілдері, сондай-ақ үкіметтік және үкіметтік емес ұйымдардың, бизнес пен өнеркәсіптің өкілдері қатысты.

Вебинарға қатысушыларды ҒТД және ҒТК кеңсесінің басшысы, сондай-ақ кездесудің модераторы Гүлбазар Медиева іс-шара тақырыбының ерекше өзектілігін атап өтті. Оның айтуынша, бұл саланың табысты жұмыс істеуінің маңызды құрамдас бөлігі білікті кадрлармен қамтамасыз ету және тез өзгеретін технологиялық орта мен қауіпсіздіктің жоғары стандарттары жағдайында кадрларды даярлау мен қайта даярлаудың тиімді жүйесінің жұмысын жолға қою болып табылады.

Сыздықов Мұрат Қанатұлы, Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университетінің ректоры, Құдретуллаева Рызгүл Орынбасарқызы, ҚР ДСМ Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитетінің жоғары оқу орнынан кейінгі білім мазмұны басқармасының басшысы, Доскенов Талғат Қазкенүлы, ҚР «Атамекен» ҰКП Адами капиталды дамыту және әлеуметтік саясат комитетінің төрайымы, сондай-ақ Бақтыбаева Гүлнар Құрманғалиқызы, ҚР Энергетика министрлігі Электр энергетикасын дамыту департаменті директорының орынбасары кіріспе сөз сөйледі.

Ең үздік қолжетімді техникалар бюросының басшысы Бауыржан Болатұлы Әбенов энергетика саласындағы кадрлық мәселелер туралы айтып берді. Спикер Үздік қолжетімді техника қағидаттарына көшу кезіндегі кадрлық әлеует туралы ақпаратпен бөлісті. Оның айтуынша, 1000-нан астам сарапшы техникалық жұмыс топтарының мүшелері, 2000-нан астам сарапшы – кешенді технологиялық аудит шеңберінде ЕҚТ бойынша анықтамалықтарды әзірлеу үдерісіне тартылған өнеркәсіптік кәсіпорындардың кадрлық қызметкерлері болып табылады..

Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университетіндегі Жылу энергетикасы және басқару жүйелері институтының директоры Айнұр Серікбайқызы Бегімбетова жаңа сын-қатерлер жағдайында энергетика саласы үшін кадрлар даярлау туралы өз баяндамасында энергетикалық компаниялардағы қызметкерлердің жетіспеушілігі туралы айтты: «Бүгінде Қазақстанның энергетикалық компанияларында қызметкерлердің жетіспеушілігі орта есеппен 11-16 пайызды, кейбір өңірлерде – 34 пайызды құрайды, бұл ретте жоғары білімді мамандардың жетіспеушілігі 4-8 пайызды құрайды».

Энергетика саласындағы кадрлық қамтамасыз етудің негізгі проблемаларымен «Орталық Азия Электр Энергетикалық Корпорациясы» АҚ-ның өндіріс жөніндегі басқарма төрағасының орынбасары Олег Владимирович Перфилов бөлісті. Оның пікірінше, қызметкерлерге еңбекақы төлеу, сондай-ақ жас мамандардың жетіспеушілігі кадрлық қамтамасыз ету проблемаларын шешудегі басым мәселелер болып табылады. «Бірінші кезекте, мәселені заңнамалық деңгейде шешу, тарифтік сметалардағы жалақыны арттыру және жас мамандар үшін әлеуметтік пакеттерді қосу қажет», – деп атап өтті Олег Владимирович.

«Қарағанды Энергоорталық» ЖШС (ЖЭО-3, ЖЭО-1) персоналды басқару бөлімінің басшысы Зара Иссайқызы Умалатова «Қарағанды Энергоорталық» ЖШС іс-шараларымен таныстырды.

Еліміздің стратегиялық даму жоспарларын ескере отырып, Қазақстанның энергетика саласы үшін мамандар даярлау проблемалары туралы «Ш.Ч.Чокин атындағы ҚазҒЗИЭ» ЖШС бас директоры Қайрат Асанғалиұлы Бакенов айтып берді. Спикер кәсіби стандарттарды әзірлеу қажеттігін айтты.

Вебинарды экономика ғылымдарының кандидаты, NEAH сарапшысы, Степанова Мария Вячеславовна аяқтады. Өз сөзінде ол энергетикалық кешенді кадрлық қамтамасыз ету саласындағы әлемдік күн тәртібі туралы егжей-тегжейлі айтып берді.

Қорытындысында қатысушылар вебинарда қозғалған тақырыптардың маңыздылығын атап өтіп, пікір алмасты және спикерлерден өздерін қызықтырған сұрақтарға толық жауап алды.