«Жасыл» экономикаға «бір белдеу, бір жол»

«Жасыл» экономикаға «бір белдеу, бір жол»

Бүгін ХЖТИЖО алаңында Қазақстан Республикасындағы Қытай Халық Республикасы Елшілігінің сауда-экономикалық мәселелер жөніндегі кеңесші-уәкілі Су Ю мырза мен ХЖТИЖО Басқарма Төрағасының м.а. Д.Н. Қарымсақовтың кездесуі өтті.

Кездесу тәжірибе және технологиялар алмасуды қоса алғанда, ынтымақтастықтың әлеуетті жолдарын талқылау мақсатында ұйымдастырылды. Тараптар сондай-ақ осы жобаларды табысты іске асыру үшін, оның ішінде «Бір белдеу, бір жол» стратегиялық бастамасы шеңберінде қажетті инвестициялар мен қаржы ресурстарын қамтамасыз етуге ерекше назар аудара отырып, перспективалы жасыл жобаларды талқылады. Кездесу барысында екі тараптың өкілдері «жасыл» экономикаға көшуді іске асыруға бағытталған қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді жоспарларын таныстырды.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар одан әрі өзара  ынтымақтастық жасалады  және тұрақты ақпарат алмастырылады деп үміттенетіндерін және әзір екендіктерін білдірді.