Жомарт Шияпұлы Әлиев «Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы Директорлар кеңесінің төрағасы болып сайланды.

Жомарт Шияпұлы Әлиев «Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы Директорлар кеңесінің төрағасы болып сайланды.

ҚР Экология және табиғи ресурстар министрі Жомарт Шияпұлы Әлиев «Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы Директорлар кеңесінің төрағасы болып тағайындалды.

Жомарт Әлиев 1969 жылы Ақмола облысында дүниеге келген.

В.И.Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтын, А.Мырзахметов атындағы Көкшетау университетін бітірген.

Еңбек жолын 1985 жылы Көкшетау облысы Красноярск совхозының механизаторы болып бастады.

1993-1999 жж. — «Васильковский ТБК» комбинатының ашық тау-кен жұмыстары кенішінің қиыршық тас өндіру учаскесінің шебері.

1999-2002 жж. — ҚР Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігінің Геология және жер қойнауын қорғау комитеті металдар және көмірсутек шикізаты бөлімдерінің бас маманы.

2002-2005 жж. — Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі Геология және жер қойнауын қорғау комитетінің «Орталыққазжерқойнауы» аумақтық басқармасының Павлодар өңірлік жер қойнауын қорғау және пайдалану инспекциясының бастығы.

2005-2009 жж. ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің құрылымында түрлі лауазымдарда жұмыс істеді.

2009 ж. — ҚР Қорғаныс министрлігі Бақылау және шарттық қызмет мониторингі басқармасы бақылау бөлімінің бастығы.

2009-2010 жж. ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің құрылымында түрлі лауазымдарды атқарды.

2010-2012 жж. — сарапшы; ҚР Мұнай және газ министрлігі Мұнай-газ кешені мемлекеттік инспекциясы комитетінің Мемлекеттік инспекция және рұқсат беру басқармасының бас сарапшысы.

2012-2014 жж. — Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитеті төрағасының орынбасары.

2014-2017 жж. ҚР Энергетика министрлігінде басшылық лауазымдарды атқарды.

2017-2022 жж. — «Электр энергетикасын дамыту және энергия үнемдеу институты (Қазақэнергиясараптама)» АҚ қоршаған ортаны қорғау жөніндегі маманы.

2023-2024 жж. — ҚР ЭБЖМ Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің төрағасы.

2024 жылғы ақпаннан бастап – Экология және табиғи ресурстар вице-министрі.