Жасыл жобаларды іске асыру шеңберінде тәжірибе алмасу және өзара ақпараттық қолдау көрсету мақсатында Central Asia Climate Foundation және Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
Меморандумда Green & Clean & Climate-Tech экожүйесін қалыптастыру және дамыту шеңберінде бастамаларды іске асыру бойынша бірлескен жұмыс, сондай-ақ жасыл жобаларды іске асыру үшін ынтымақтастық көзделген..
Central Asia Climate Foundation Мемлекет басшысы Қ.Қ.Тоқаевтың БҰҰ Бас Ассамблеясының Климаттың өзгеруі және жасыл энергетика жөніндегі жобалық кеңсесін ашу жөніндегі 78-сессиясы барысында айтылған бастамасы аясында құрылды. Жобалық кеңсенің мақсаты – климаттың өзгеруіне қарсы күрес жөніндегі өңірлік іс-қимылдарды жеделдету, климаттық көшуге және іс-қимылдарға жәрдемдесуге бағытталған жобаларды, бағдарламалар мен бастамаларды қолдау және іске асыру, жасыл экономиканың үздік практикаларын ілгерілету және Орталық Азияда экологиялық көшу мен орнықты дамуды қолдау.
