Қазіргі заманның жаңа сын-қатерлері

Қазіргі заманның жаңа сын-қатерлері

Энергетика саласындағы біліктілікті арттыру мәселелері, құзыреттер мен дағдыларды моделдеудің қазіргі заманғы тәсілдері, энергетика саласы үшін кадрлар даярлау. «Энерго – және ресурс үнемдеуші технологиялар: тәжірибе және перспективалар» атты VI халықаралық ғылыми-практикалық конференция аясында осы және тағы басқа көптеген мәселелер талқыланды.

Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің базасында климаттың өзгеруін, парниктік қалдықтарды азайтуды және т.б. ескере отырып, оларды төмен көміртекті дамыту трансформациясында өндірістік секторлар үшін кадрлар даярлау мәселелеріне арналған Панельдік сессия өткізді..

Панельдік сессия жұмысына Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Экология және табиғатты пайдалану мәселелері комитетінің төрағасы Еділ Жанбыршин, ҚР Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің депутаты Жұлдыз Сүлейменова, ҚР Энергетика вице-министрі Сұңғат Есімханов, ҚР Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитетінің төрайымы Гүлзат Көбенова және өндіріс мамандары мен ЖОО ректорлары қатысты.

Осындай төтенше жағдайлардың себептерiнiң бiрi саладағы кадрлардың тапшылығы, климаттың өзгеруi, кәсiпорындардың экономикалық, өндiрiстiк, әлеуметтiк қызметiнiң барлық салаларында бейiмдеу немесе митигациялау шаралары сияқты экологиялық факторларды есепке алуға бағдарланған кәсiби жаңа бiлiмдердiң жеткiлiксiздiгi болып табылады.

Осы проблеманы шешу үшін бүгінгі күні нарықтың барлық қатысушылары үшін қалыптасқан жүйені зерделей отырып, жоспарлы жұмыс жүргізу қажет және бұл үшін «Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы» КЕАҚ бір жағынан өндіріске, екінші жағынан ғылыми-білім беру қоғамдастығында камералдық зерттеулер жүргізеді.

— Нарық қатысушыларымен, мамандарды шығаратындармен және оларды кейіннен жұмысқа қабылдайтындармен талқылай отырып, біз бүгінгі таңда қалыптасқан нақты жағдайды сипаттаймыз, — деп санайды ғылыми-технологиялық даму және ҒТК кеңсесінің жетекшісі, э.ғ.д., академик Гүлбазар Медиева.

— Орталық құрылған сәттен бастап барлық өндірістік кәсіпорындарды зерделеумен, талдаумен, мониторинг жүргізумен айналысады. Үш жыл ішінде орталық республикалық ауқымда өте үлкен жұмыс атқарды, 2700-ден астам кәсіпорынға кешенді технологиялық аудит жүргізілді, оның негізінде 16 салалық анықтамалық әзірленді. Осындай үлкен жұмыс қабатын жүргізе отырып, біз қабылданған Экологиялық кодекске сәйкес өндірістік салаларды ЕҚТ қағидаттарына көшіру кезінде осы техника мен технологияларды кімнің енгізетінін түсінуіміз қажет екеніне тоқталып өттік. ЖОО-лар жаңа құрамдағы кадрларды қалай дайындайды? Нарық сұраныстары бойынша жұмыс бағдарламалары қайта қаралды ма? Бүгінгі іс-шараның мақсаты да осы, — деп толықтырды спикер.

Конференция аясында тұрақты технологиялық өзгерістер жағдайында түрлі сын-қатерлерге тап болатын және экономиканың түрлі секторлары үшін қажетті энергетикалық жабдықтауды қамтамасыз ететін қазіргі заманғы әлемдегі энергетика саласының негізгі рөлі де талқыланды..

Осы бағытта спикер Айнұр Бегімбетова Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы Энергетика және байланыс университетінің тәжірибесімен бөлісті, ол кадрларды даярлау мен қайта даярлаудың тиімді жүйесінің жұмысын реттейтін құрылған Республикалық біліктілікті арттыру ресурстық орталығы туралы айтып берді..

— Шынымен де, таза энергетикаға көшу және жаңартылатын энергия көздерін енгізу мәселелері, энергия-ресурс үнемдеуші технологияларды қалыптастыру және жалпы климаттық күн тәртібіндегі мәселелер бүгінгі таңда кадрлық әлеуетті, экологиялық білімді ескере отырып, энергетикалық сектордағы мамандардың білім деңгейін арттыру үшін тиімді саясатты, сондай-ақ оны іске асырудың бірқатар құралдарын әзірлеуді талап етеді. Кадрлардың табысты жұмыс істеуінің маңызды құрамдас бөлігі және тез өзгеретін орта мен қауіпсіздіктің жоғары стандарттары жағдайында даярлау мен қайта даярлаудың тиімді жүйесін жолға қою болып табылады. Біз жасыл жұмыс орындарын құруға жоғары дайындықты қамтамасыз етуге және жаңа технологиялар мен инновациялармен тиімді жұмыс істеуге тиіспіз. “Әлем бір орында тұрған жоқ  және біз бәріне дайын болуымыз керек», — деді Қазақстанның Экология және табиғи ресурстар министрлігі Климаттық саясат департаментінің директоры Сәуле Сәбиева.

Іс-шара қатысушыларға ЖЭК саласындағы персоналды басқарудың негізгі аспектілерін талқылауға және энергетикалық индустрияның түрлі салаларындағы әріптестерімен тәжірибе алмасуға бірегей мүмкіндік берді.