Қазақстан 2024 жылы климаттың өзгеруіне қарсы күрестің тиімділігі индексінде 60-шы орынды иеленді (CCPI 2024)

Қазақстан бір орынға көтерілді, бірақ көрсеткіштері өте төмен елдер қатарында қалып отыр.

2005 жылдан бері жыл сайын шығарылып келе жатқан климатқа қарсы тиімділік индексі (CCPI) 63 ел мен ЕО-да климатты қорғау тиімділігін бақылаудың тәуелсіз құралы болып табылады.

Парниктік газдардың жаһандық шығарындыларының (ПГ) жиынтығында 90% -дан астамы үлесіне келетін осы елдердегі климатты қорғаудың тиімділігі 14 көрсеткіші бар төрт санат бойынша бағаланады:

ПГ шығарындылары (жалпы балдың 40%)
ЖЭК (20%)
Энергияны пайдалану (20%)
Климаттық саясат (20%)

Биыл CCPI 2022 жылғы ПГ шығарындылары туралы деректерді пайдаланды. CCPI-дің жалпы нәтижелері көрсеткендей, бірде-бір ел индексте үздік 3 позицияны иеленген жоқ, сондай-ақ бірде-бір ел климаттың өзгеруінің алдын алуға жеткілікті үлес қоспайды.

Өз кезегінде, Қазақстан ПГ шығарындылары және энергия тұтыну бойынша өте төмен рейтингке ие. Ел сондай-ақ ЖЭК және климаттық саясат бойынша төмен бағаға ие болды.

2022 жылы әлемде ПГ шығарындыларының көлемі артты, ал атмосферадағы CO2 деңгейі қазіргі уақытта индустрияға дейінгі деңгейден 50% -ға жоғары.

Сол жылы ЖЭК қуаты айтарлықтай өсті. ЖЭК қазбалы отынды пайдалану жүйесін алмастырады деген белгілер анағұрлым айқын:

2022 жылы әлемде 295 ГВт қуат іске қосылды, бұл бүгінгі таңда ЖЭК қуатының едәуір ұлғайғанын білдіреді.
Болжам бойынша, 2027 жылы күн фотоэлектр энергиясы әлемдегі ең үлкен белгіленген қуатқа айналады.

Ағымдағы климаттық мақсаттар және оларды жүзеге асыру әлемдегі жаһандық жылуды 1,5 °C шегінде ұстап тұру үшін жеткіліксіз. Париж келісіміне қол қойылғаннан кейін сегіз жыл өткен соң әлем елдері өз міндеттемелерін орындамауда.

Толығырақ https://ccpi.org/