Германия елшілігімен кездесу

Германия елшілігімен кездесу

Астана, 2024 жылғы 16 тамыз – «Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы» КЕАҚ (бұдан әрі – Орталық) Басқарма төрағасының орынбасары Темірлан Атарбаев Астанадағы Германияның тұрақты Елшісінің орынбасары Ульрих Кинне және Әсел Рысмағанбетовамен кездесу өткізді. Кездесу барысында тараптар тұрақты даму және жасыл технологиялар саласындағы екіжақты ынтымақтастықты кеңейту перспективаларын талқылады.

Сонымен қатар, Темірлан Атарбаев орталықтың негізгі жобаларымен таныстырды, оның ішінде жасыл технологиялар саласындағы инновацияларды қолдау бағдарламалары, Global Cleantech Innovation Program (GCIP) және IGTIC Academia шеңберіндегі білім беру бастамалары туралы айтты. Сондай-ақ, ол орталықтың БҰҰ-ның алдағы COP29 климат жөніндегі конференциясында Қазақстан Республикасының Ұлттық павильонын мазмұнды толтыру бойынша жауапты орган болып табылатындығын және Жасыл климаттық қор (Green Climate Fund) аясындағы ұлттық әлеуетті арттыру бағдарламасын іске асырудағы маңызды рөлін атап өтті.

Өз кезегінде, Германия елшілігінің өкілдері жасыл технологиялар мен жасыл қаржыландыру жобаларын қолдауға және тұрақты даму аясында ынтымақтастықты одан әрі дамытуға қызығушылық танытты.

 

Кездесу соңында тараптар пікір алмасып, Қазақстандағы экологиялық жағдайды жақсартуға бағытталған бірлескен жобалар мен бастамаларды іске асыруды жалғастыруға уағдаласты.