- Лауазымы туралы ақпарат
| 1 | Лауазымның атауы: | Бас бухгалтер |
| 2 | Құрылымдық бөлімше | Қаржы департаменті |
| 3 | Функционалдық міндеттері | 1) құзыретіне кіретін мәселелер бойынша “технологияларды және үздік тәжірибелерді ілгерілету, бизнес пен Инвестицияларды дамыту жолымен Қазақстанның жасыл экономикаға жедел көшуіне жәрдемдесу” 044 бюджеттік бағдарламасының іс-шараларын іске асыру жөніндегі мемлекеттік тапсырма шартын орындау;
2) жетекшілік ететін мәселелер бойынша Департамент құзыреті бөлігінде ҚДТ анықтамалықтарын әзірлеу және келісу жөніндегі іс-шараларды іске асыру; 3) Қоғамның есеп саясатын жетілдіру; 4) Қоғамның қаржы-шаруашылық қызметін бухгалтерлік есепке алу процесін регламенттейтін ішкі нормативтік құжаттарды әзірлеу/түзету және енгізу; 5) Қоғамның қаржы-шаруашылық қызметінің бухгалтерлік және салықтық есебін қамтамасыз ету, сондай-ақ қоғамның материалдық және қаржы ресурстарының үнемді пайдаланылуын бақылауды қамтамасыз ету; 6) Қоғамның қаржылық бұзушылықтарының алдын алу жөнінде шаралар қабылдау; 7) жыл сайынғы қаржылық есептілік аудитін жүргізу үшін аудиторлық ұйымдарды тарту; 8) Қоғамдағы төлемдерді орталықтандыру арқылы қоғамның процестерін қаржылық қамтамасыз ету және ақшалай қаражатын басқару, қоғам ақшасының нысаналы түсуі мен жұмсалуына мониторинг жүргізу; 9) шоттардың жұмыс жоспарына, халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қоғамның барлық қаржы-шаруашылық операциялары мен оқиғаларының бухгалтерлік есебін жүргізу; 10) Қоғамда бухгалтерлік, салықтық, статистикалық есептерді автоматтандыру жөнінде ұсыныстар әзірлеу; 11) Қоғамда бухгалтерлік, салықтық есепке алуды жүргізуді жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу; 12) Қоғамның бірыңғай есеп саясатын әзірлеу және жүзеге асыру; 13) Қоғамда бухгалтерлік, салықтық есеп пен есептілікті жүргізу, сондай-ақ төлем операцияларын жүргізу бойынша ақпараттық-техникалық ресурстарды пайдалану қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысу; 14) түгендеу жүргізу тәртібін қамтамасыз ету, қоғамның мүлкін түгендеуге дайындау және қатысу; 15) уәкілетті органдарға (қаржылық, салықтық және статистикалық) есептілікті қалыптастыру және уақтылы ұсыну; 16) қоғамның келісімдері мен шарттарын есепке алу және сақтау; 17) Департаменттің алдына қойылған міндеттер мен функциялардың орындалуын бақылау; 18) Қоғамның қаржы-шаруашылық қызметі бойынша бастапқы құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды жүргізу; 19) Қоғамның құрылымдық бөлімшелерінен бастапқы құжаттардың түпнұсқаларын, аванстық есептерді, сатып алушылармен/жеткізушілермен шарттарды және өзге де растайтын құжаттарды қабылдау; 20) Қоғамның Басқарма төрағасына енгізілетін тиісті қорытындылар мен ұсыныстарды, Департамент құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының және өзге де ұйымдардың сауалдарына жауаптарды дайындауға/келісуге қатысу. |
- Үміткерлерге қойылатын талаптар
| 1 | Білім деңгейі/ бейіні | Жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) кәсіптік білім (экономикалық және/немесе қаржылық және / немесе бухгалтерлік) |
| 2 | Кәсіби ортадағы жұмыс тәжірибесі (бейіні/ұзақтығы) | Кәсіптік салада немесе лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда практикалық жұмыс өтілі кемінде 5 жыл, оның ішінде бас бухгалтер лауазымында кемінде 1 жыл (экология саласындағы, қоғамның бейініне сәйкес келетін институттардағы және/немесе Мемлекеттік басқару органдарындағы лауазымның функционалдық бағыттары бойынша). |
| 3 | Қосымша талаптар | “Кәсіби бухгалтер”сертификатының болуы |
| 4 | Білім, тәжірибе және негізгі дағдылар | 1) Қоғамның қаржы-шаруашылық қызметіне қойылатын талаптарды айқындайтын нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және іске асыру тәжірибесі;
2) компанияның қаржы-шаруашылық қызметінің бухгалтерлік және салықтық есебін ұйымдастыру, сондай-ақ қоғамның материалдық және қаржы ресурстарының үнемді пайдаланылуын бақылауды қамтамасыз ету тәжірибесі; 3) қоғамның қаржылық қызметіне байланысты мәселелер мен жобалар бойынша сыртқы органдармен және ұйымдармен өзара іс-қимыл тәжірибесі; 4) ҚР еңбек заңнамасын білу; 5)экологиялық және салық заңнамасын, жұмыстарды (тауарларды, көрсетілетін қызметтерді) сатып алу саласындағы заңнаманы білу; 6) қаржы ресурстарын бөлудегі, қаржы салымдарының тиімділігін айқындаудағы тәжірибе; 7) компанияның қаржы-шаруашылық қызметінің бухгалтерлік және салықтық есебін ұйымдастырудағы, сондай-ақ қоғамның материалдық және қаржы ресурстарының үнемді пайдаланылуын бақылауды қамтамасыз етудегі тәжірибе; 8) қаржылық есеп пен бухгалтерлік есептіліктің халықаралық және ұлттық стандарттарын білу; 9) аналитикалық ойлау; 10) MS Office бағдарламаларының сенімді пайдаланушысы; 11) заманауи ақпараттық технологияларды қолдана отырып жұмыс істеу дағдылары. |
| 5 | Тұлғалық ерекшеліктер | Дағды және мүдделі тараптардың кең ауқымымен жүргізілетін жұмыстар;
Келіссөздер жүргізе білу, консенсусқа қол жеткізу; Коммуникативтік және презентациялық дағдылар |
| 6 | Тілдерді, оның ішінде мемлекеттік тілді меңгеру деңгейі (қайсысын көрсету керек) | Қазақ және орыс тілдерін білуі мінжетті. Ағылшын тілін мүмкіндігінше білу |
| 7 | Дербес компьютерді пайдалану дағдылары (бағдарламалар, меңгеру дәрежесі): | MS Office бағдарламаларының сенімді пайдаланушысы;
заманауи ақпараттық технологияларды қолдана отырып жұмыс істеу дағдылары. |
| 8 | Жұмысқа жоспарланған шығу күні | 2026 жылғы 30 мамыр |
Өтінімдерді қабылдау: 2026 жылғы 13-19 мамыр аралығында
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлғалар құжаттарын электронды түрде электрондық пошта мекенжайына тапсыра алады hr@igtipc.org, a.atymtayev@igtipc.org сұрақтар бойынша 8 (7172) 57-32-53 телефонына хабарласуға болады