Негізгі мазмұнға өту
Баспасөз релизі

Қазақстанда халықаралық инвестицияларды тарту үшін басым климаттық технологиялар айқындалады

Жарияланды:
Бөлісу:

Қа­зақ­станда эко­но­ми­ка­ның не­гізгі са­ла­ла­рына ха­лы­қа­ра­лық ин­вес­ти­ция­лар тар­туға мүм­кін­дік бе­ре­тін басым кли­мат­тық тех­но­ло­гия­лар анық­та­лады. Бұл ба­ғыт­тағы жұ­мыс­тар тех­но­ло­гия­лық қа­жет­ті­лік­терді ба­ға­лау (Technology Needs Assessment, TNA) жобасы ая­сында жүр­гі­зі­луде. Жобаны Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­касы Эко­ло­гия және табиғи ре­сур­стар ми­нис­трлігі Азия ин­фра­құ­ры­лым­дық ин­вес­ти­ция­лар бан­кі­мен (АИИБ), БҰҰ Қор­ша­ған орта жө­нін­дегі бағ­дар­ла­ма­сы­ның Ко­пен­га­ген климат ор­та­лы­ғы­мен (UNEP-CCC) және Қа­зақ­стан­дағы бағ­дар­ла­ма­ның ұлттық үй­лес­ті­ру­шісі болып та­бы­ла­тын «Ха­лы­қа­ра­лық жасыл тех­но­ло­гия­лар және ин­вес­ти­ция­лық жо­ба­лар ор­та­лығы» КЕАҚ-мен (IGTIC) бір­ле­сіп жүзеге асы­руда.

Жо­ба­ның аралық нә­ти­же­лері, оның ішінде са­ла­лық тех­но­ло­гия­лық іс-қимыл жос­пар­лары (TAP) мен ин­вес­ти­ция­лар тар­туға ар­нал­ған жо­ба­лық ұсы­ныс­тар пор­тфелі Ас­та­нада өткен «Қа­зақ­стан­дағы тех­но­ло­гия­лық қа­жет­ті­лік­терді ба­ға­лау (TNA): тех­но­ло­гия­лық ба­сым­дық­тар­дан іске асыру мен ин­вес­ти­ция­ларға дейін» атты ха­лы­қа­ра­лық се­ми­нарда тал­қы­ланды. Бағ­дар­лама ая­сында үш не­гізгі басым бағыт ай­қын­далды: энер­ге­тика, ауыл ша­руа­шы­лығы, сондай-ақ қа­ла­лық және ай­на­лымды эко­но­мика.

Бағ­дар­ла­ма­ның ма­ңызды се­рік­тес­те­рі­нің бірі – бас­та­ма­ның ин­вес­ти­ция­лық ба­ғы­тын да­мы­туға қолдау көр­се­те­тін Азия ин­фра­құ­ры­лым­дық ин­вес­ти­ция­лар банкі. Бан­ктің қа­ты­суы ірік­тел­ген тех­но­ло­гия­лық ше­шім­дерді іс жү­зінде іске асыру және оларды қар­жы­лан­дыру мүм­кін­дік­тері тұр­ғы­сы­нан қа­рас­ты­руға жол ашады.

Се­ми­нар ба­ры­сында кли­мат­тық бас­та­ма­ларды қар­жы­лан­дыру мүм­кін­дік­тері та­ныс­ты­рылды. Пер­спек­ти­валы ба­ғыт­тар қа­та­рында жасыл ин­фра­құ­ры­лымды дамыту, өнер­кә­сіпті де­кар­бо­ни­за­ция­лау, жа­ңар­ты­ла­тын энер­гия көз­дері мен тұйық циклді жү­йе­лерді енгізу, сондай-ақ ке­дер­гі­лерді талдау нә­ти­же­лері мен басым сек­тор­лар бо­йынша әзір­лен­ген тех­но­ло­гия­лық іс-қимыл жос­пар­лары ұсы­нылды. Атал­ған құ­жат­тар кли­мат­тық тех­но­ло­гия­ларды ен­гі­зуге ке­дергі кел­ті­ре­тін рет­теу­ші­лік, қар­жы­лық және тех­ни­ка­лық мә­се­ле­лерді шешу жө­нін­дегі ша­ра­ларды қам­тиды. Оларды іске асыру эко­но­ми­ка­ның түрлі са­ла­ла­рын жаң­ғыр­туға және эко­ло­гия­лық таза ше­шім­дерді ке­ңі­нен қол­да­нуға қо­лайлы жағдай қа­лып­тас­ты­руға ықпал етеді.Жұ­мыс­тың жеке кезеңі ре­тінде одан әрі пы­сық­тауға және қар­жы­лан­дыру көз­де­рін із­деуге ар­нал­ған жо­ба­лық ұсы­ныс­тар пор­тфелі та­ныс­ты­рылды. Алдағы уа­қытта бұл бас­та­ма­лар Азия ин­фра­құ­ры­лым­дық ин­вес­ти­ция­лар банкі (АИИБ), Жасыл климат қоры (ЖКҚ), Қа­зақ­стан­ның Даму Банкі және басқа да ха­лы­қа­ра­лық қаржы се­рік­тес­те­рі­нің қа­ты­суы­мен ин­вес­ти­ция­лық жо­ба­ларды әзір­леуге негіз бола алады.

Тал­қы­лау­дың тағы бір бағыты TNA жо­ба­сы­ның нә­ти­же­ле­рін 2026–2027 жыл­дарға ар­нал­ған Жасыл климат қо­ры­ның (ЖКҚ) Readiness III бағ­дар­ла­масы ая­сында Қа­зақ­стан­ның кли­мат­тық ин­вес­ти­ция­лық плат­фор­ма­сын құру жұ­мы­сы­мен үй­лес­тіру болды.Плат­форма хат­шы­лы­ғын «Ха­лы­қа­ра­лық жасыл тех­но­ло­гия­лар және ин­вес­ти­ция­лық жо­ба­лар ор­та­лығы» КЕАҚ (IGTIC) ба­за­сында ор­на­лас­тыру жос­пар­ла­нып отыр. Плат­форма Қа­зақ­стан­ның жа­ңар­тыл­ған Ұлттық дең­гейде ай­қын­да­ла­тын үлесін (ҰАҮ) іске асы­руға, сондай-ақ 2060 жылға де­йінгі кө­мір­тегі бей­та­рап­ты­ғына қол жет­кізу стра­те­гия­сын жүзеге асы­руға ықпал етуге ба­ғыт­тал­ған. Со­ны­мен қатар ол кли­мат­тық бас­та­ма­ларды қар­жы­лан­ды­руға да­йын­дау үшін қа­жетті жағ­дай­лар жа­сауға мүм­кін­дік береді.

Екі бас­та­ма­ның өзара са­бақ­тас­тығы кли­мат­тық ше­шім­дерді кезең-ке­зе­ңі­мен іл­ге­рі­ле­туге мүм­кін­дік береді. Бұл үдеріс тех­но­ло­гия­лық қа­жет­ті­лік­терді ай­қын­дау мен іс-қимыл жос­пар­ла­рын әзір­леу­ден бастап, ха­лы­қа­ра­лық қаржы ин­сти­тут­та­ры­ның та­лап­та­рына сәйкес ке­ле­тін ин­вес­ти­ция­лық жо­ба­ларды қа­лып­тас­ты­руға де­йінгі ке­зең­дерді қам­тиды.

Осы­лайша, TNA жобасы Қа­зақ­станда кли­мат­тық тех­но­ло­гия­ларды жүйелі түрде да­мы­туға негіз қа­лайды. Жоба нә­ти­же­лері эко­но­ми­ка­ның басым са­ла­ла­рын тех­но­ло­гия­лық жаң­ғыр­туға, жасыл ин­вес­ти­ция­лар тар­туға және кли­мат­тық күн тәр­тібі ая­сын­дағы ха­лы­қа­ра­лық ын­ты­мақ­тас­тықты да­мы­туға ықпал етуге ба­ғыт­тал­ған.