Негізгі мазмұнға өту

ЕҚТ бюросының қызметі

Бөлісу:

ЕҚТ бюросы туралы

«Ха­лы­қа­ра­лық жасыл тех­но­ло­гия­лар және ин­вес­ти­ция­лық жо­ба­лар ор­та­лығы» КеАҚ қор­ша­ған ортаны қорғау са­ла­сын­дағы уә­кі­летті ор­ган­ның ве­дом­ство­лық ба­ғы­нысты ұйымы болып та­бы­лады, Ең үздік қол­же­тімді тех­ни­ка­лар жө­нін­дегі бю­ро­ның фун­кция­ла­рын жүзеге асы­рады, Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­касы Эко­ло­гия­лық ко­дек­сі­нің 418-ба­бы­ның 6-тар­ма­ғына сәйкес қор­ша­ған ортаны қорғау са­ла­сын­дағы уә­кі­летті орган бе­кіт­кен ең үздік қол­же­тімді тех­ни­ка­лар жө­нін­дегі анық­та­ма­лық­тар­дың жо­ба­ла­рын әзір­леу тіз­бесі мен кес­те­сіне сәйкес ең үздік қол­же­тімді тех­ни­ка­лар жө­нін­дегі анық­та­ма­лық­тар­дың әзір­ле­нуін қам­та­ма­сыз етеді.

ЕҚТ дегеніміз не?

Ең үздік қол­же­тімді тех­ни­ка­лар (ЕҚТ) – бұл қор­ша­ған орта са­па­сы­ның ны­са­налы көр­сет­кіш­те­рін қам­та­ма­сыз етуге дейін ша­руа­шы­лық қыз­мет­тің қор­ша­ған ортаға теріс әсер ету дең­ге­йін тө­мен­де­туге ба­ғыт­тал­ған ұйым­дас­ты­ру­шы­лық және бас­қа­ру­шы­лық ша­ра­ларды қам­та­ма­сыз ететін пай­да­ла­ны­ла­тын және жос­пар­ла­на­тын са­ла­лық тех­но­ло­гия­лар, тех­ника мен жабдық.

Заңнамалық талаптар

ҚР Эко­ло­гия­лық ко­дек­сіне сәйкес, 2025 жылғы 1 қаң­тар­дан бастап I са­нат­тағы объ­ек­ті­лер ЕҚТ қол­да­нуға және объ­ек­ті­лер­дің ЕҚТ бо­йынша анық­та­ма­лық­тарда көр­се­тіл­ген эмис­сия дең­гей­ле­ріне сәй­кес­ті­гіне не­гіз­дел­ген ке­шенді эко­ло­гия­лық рұқ­сат­тар (КЭР) алуға мін­детті.

Экономикалық ынталандыру

ЕҚТ енгізу ке­зінде өнер­кә­сіп эмис­сия­ларға са­лық­тық эко­ло­гия­лық тө­лем­дерді тө­леу­ден бо­са­ты­лады, ал КЭР-ге ауыс­пай­тын кә­сі­по­рын­дар үшін эко­ло­гия­лық тө­лем­дер бір­тін­деп 2, 4 және 8 есеге ұл­ғай­ты­лады.

ЕҚТ енгізу ке­зінде

Эмис­сия­ларға са­лық­тық эко­ло­гия­лық тө­лем­дерді тө­леу­ден босату

КЭР-ге ауыс­па­ған жағ­дайда

Эко­ло­гия­лық тө­лем­дер 2, 4 және 8 есеге ұл­ғаяды

Осыған бай­ла­нысты Ор­та­лық ЕҚТ бо­йынша анық­та­ма­лық­тар әзір­леуде.

ЕҚТ бюросы не істейді?

Өнер­кә­сіп­тің ЕҚТ қа­ғи­дат­та­рына көшуі мақ­са­тында ЕҚТ бюросы мы­на­ларды қам­та­ма­сыз етеді:

  • ЕҚТ бо­йынша анық­та­ма­лық­тарды тізбе мен кес­теге сәйкес әзір­леу
  • Ке­шенді тех­но­ло­гия­лық аудит (КТА) жүр­гізу
  • ЕҚТ және КЭР мә­се­ле­лері бо­йынша талдау, мо­ни­то­ринг және әдіс­на­ма­лық қолдау

ЕҚТ бюросының құрылымы

ЕҚТ бю­ро­сы­ның құ­ры­лы­мында өз фун­кцио­нал­дық мін­дет­тері бар үш құ­ры­лым­дық бө­лімше бар:

01

Сараптамалық бағалау басқармасы

Ке­шенді тех­но­ло­гия­лық аудит (КТА) жүр­гізу және өнер­кә­сіп­тік кә­сі­по­рын­дарды са­рап­та­ма­лық талдау

02

ЕҚТ бойынша анықтамалықтар басқармасы

Ең үздік қол­же­тімді тех­ни­ка­лар жө­нін­дегі анық­та­ма­лық­тарды әзір­леу, өзек­ті­лен­діру және сү­йе­мел­деу

03

Мониторинг, талдау және КЭР басқармасы

Ке­шенді эко­ло­гия­лық рұқ­сат­тар (КЭР) мә­се­ле­лері бо­йынша мо­ни­то­ринг, талдау және кон­суль­та­ция­лық қолдау

Ең үздік қол­же­тімді тех­ни­ка­лар (ЕҚТ) бюросы

Сараптамалық бағалау басқармасы

Өнер­кә­сіп­тік кә­сі­по­рын­дар­дың ке­шенді тех­но­ло­гия­лық аудиті және тех­но­ло­гия­лық ше­шім­дерді са­рап­та­ма­лық ба­ға­лау

Са­рап­та­ма­лық ба­ға­лау бас­қар­масы ке­шенді тех­но­ло­гия­лық аудит жүр­гізу арқылы өнер­кә­сіп­тік кә­сі­по­рын­дарды тал­дайды.

КТА туралы жалпы мәліметтер

Ке­шенді тех­но­ло­гия­лық аудит (КТА) ең үздік қол­же­тімді тех­ни­ка­лар (ЕҚТ) жө­нін­дегі анық­та­ма­лық­тарды әзір­леу­дің және (немесе) қайта қа­рау­дың бі­рінші кезеңі болып та­бы­лады.

КТА жүр­гі­зу­дің мақ­саты – кә­сі­по­рын­дар­дың ағым­дағы жай-күйін ең үздік қол­же­тімді тех­ни­ка­лар қа­ғи­дат­та­рына сәй­кес­тігі тұр­ғы­сы­нан ба­ға­лау, қор­ша­ған ортаға теріс ан­тро­по­ген­дік әсер­дің алдын алуға және (немесе) оны ба­рынша азай­туға ба­ғыт­тал­ған ен­гі­зіл­ген тех­но­ло­гия­ларды, тә­сіл­дерді, әдіс­терді, про­цес­терді, прак­ти­каны, амал­дар мен ше­шім­дерді ай­қын­дау және кә­сі­по­рында ЕҚТ-ны ық­ти­мал енгізу әлеуе­тін анық­тау.

КТА жүргізу кезеңдері

1

Деректерді жинау

Ұсы­ныл­ған ма­те­риал­дарды зер­де­леу және объ­ек­тіге бару

2

Талдау

Тех­но­ло­гия­лық, эко­ло­гия­лық, энер­ге­ти­ка­лық және эко­но­ми­ка­лық көр­сет­кіш­терді ке­шенді талдау

3

ЕҚТ-мен салыстыру

ЕҚТ бо­йынша ұлттық және ха­лы­қа­ра­лық анық­та­ма­лық­тар­мен са­лыс­тыру (ЭЫДҰ елдері, ЕО, РФ және т.б.)

4

Нәтижелер

Өн­ді­рісті же­тіл­діру жө­нін­дегі ұсы­ным­дары бар КТА есебін да­йын­дау

КТА артықшылықтары

  • Ба­ға­лау

    КТА жүр­гізу арқылы өн­ді­ріс­тік кә­сі­по­рын­дар­дың қол­да­ныс­тағы тех­но­ло­гия­лық про­цес­тері мен жос­пар­лан­ған жо­ба­ла­рына са­рап­та­ма­лық ба­ға­лау жүр­гізу

  • Жос­пар­лау

    Тех­но­ло­гия­лық көр­сет­кіш­терді бел­гі­леуге бай­ла­нысты қарама-қайшы жағ­дай­дың алдын алу

  • Қаржы

    Іске асы­ры­лып жатқан құ­ры­лыс және (немесе) ре­кон­струк­ция­лау, жаң­ғырту жо­ба­лары бо­йынша тиім­сіз қар­жы­лан­ды­руға жол бермеу

  • Даму

    Эко­ло­гия­лық және ин­дус­трия­лық сая­сат­тың қатар дамуын қам­та­ма­сыз ету

КТА үшін деректер базасы

КТА-ны ЕҚТ жө­нін­дегі бюро объ­ек­ті­лерге бару және (немесе) олар­дың тиісті мә­лі­мет­те­рін жинау мен талдау арқылы жүзеге асы­рады, оның ішінде:

  1. тех­но­ло­гия­лық про­цес­тер және олар­дың көр­сет­кіш­тері;
  2. эко­ло­гия­лық көр­сет­кіш­тер мен пай­да­лану де­рек­тері (лас­таушы зат­тар­дың эмис­сия­лары, қал­дық­тар, тұтыну туралы де­рек­тер және бас­қа­лар);
  3. тех­но­ло­гия­лық жаб­дыққа қа­тысты эко­но­ми­ка­лық көр­сет­кіш­тер (күр­делі са­лым­дар, кіріс және шығыс бөлігі туралы де­рек­тер және бас­қа­лар);
  4. энер­гия тиім­ді­лігі туралы де­рек­тер.

Жұмыс нәтижелері

140+

Бү­гінгі таңда әр­түрлі са­ла­лар­дағы 140-тан астам кә­сі­по­рын тех­но­ло­гия­лық про­цес­тер­дің егжей-тег­жейлі си­пат­та­масы, кә­сі­по­рын­ның ағым­дағы жай-күйін эко­ло­гия­лық және энер­ге­ти­ка­лық ас­пек­ті­лер бо­йынша ба­ға­лау, тех­но­ло­гия­лық көр­сет­кіш­тер мен ен­гі­зіл­ген ЕҚТ-ны ЭЫДҰ елдері мен Ресей Фе­де­ра­ция­сы­ның анық­та­ма­лық­та­ры­мен са­лыс­тыру және өн­ді­рісті жаң­ғырту жө­нін­дегі ұсы­ным­дар қам­тыл­ған КТА есеп­те­рін алды.

Жүргізілген және ағымдағы КТА жұмысы:

2020

Қамтылған салаларҚамтылған қызмет түрлері
Цемент саласыцемент, әк, магний оксидін өндіру
Химия саласыбейорганикалық қышқылдар, минералды тыңайтқыштар өндіру
негізгі бейорганикалық химиялық заттарды (аммиакты) өндіру
Энергетика саласыотын жағу арқылы электр және жылу энергиясын өндіру
Түсті металлургиятүсті металл кендерін өндіру және байыту, түсті металдар өндіру
Бағалы металдар өндірутүсті металл кендерін өндіру және байыту, түсті металдар өндіру
Қара металлургиятемір кендерін өндіру және байыту, шойын, болат және ферроқорытпалар өндіру, қара металдарды одан әрі қайта бөлу бұйымдарын өндіру
Мұнай өңдеу саласыкокс пен мұнай өнімдерін өндіру, табиғи газды өңдеу
Мұнай өндіру саласымұнай мен табиғи газ өндіру

2021

Қамтылған салаларҚамтылған қызмет түрлері
Химия саласықатты және басқа да бейорганикалық химиялық заттарды (оксидтерді, гидроксидтерді, тұздарды) өндіру
Энергетика саласыотын жағу арқылы электр және жылу энергиясын өндіру
Түсті металлургиятүсті металл кендерін өндіру және байыту, түсті металдар өндіру
Қара металлургиятемір кендерін өндіру және байыту, шойын, болат және ферроқорытпалар өндіру, қара металдарды одан әрі қайта бөлу бұйымдарын өндіру
Мұнай өңдеу саласыкокс пен мұнай өнімдерін өндіру, табиғи газды өңдеу
Мұнай өндіру саласымұнай мен табиғи газ өндіру

2022

Қамтылған салаларҚамтылған қызмет түрлері
Мұнай өндіру саласымұнай мен табиғи газ өндіру
Көмір өндіру саласыкөмір мен антрацит өндіру және байыту
Қалдықтарды басқаруқалдықтарды көму
Қара металлургиятемір кендерін өндіру және байыту, шойын, болат және ферроқорытпалар өндіру, қара металдарды одан әрі қайта бөлу бұйымдарын өндіру
Химия саласынегізгі органикалық химиялық заттарды өндіру; полимерлер өндіру
Бағалы металдар өндірутүсті металл кендерін өндіру және байыту, түсті металдар өндіру

2023

Қамтылған салаларҚамтылған қызмет түрлері
Сарқынды суларды тазартуелді мекендердің орталықтандырылған су бұру жүйелерінің сарқынды суларын тазарту
Мұнай өндіру саласымұнай мен табиғи газ өндіру
Титан мен магний өндірутүсті металл кендерін өндіру және байыту, түсті металдар өндіру
Мұнай өңдеу саласыкокс пен мұнай өнімдерін өндіру, табиғи газды өңдеу
Қалдықтарды басқаруқалдықтарды көму

2024

Қамтылған салаларҚамтылған қызмет түрлері
Химия саласынегізгі органикалық химиялық заттарды өндіру; полимерлер өндіру
Сарқынды суларды тазартуелді мекендердің орталықтандырылған су бұру жүйелерінің сарқынды суларын тазарту
Сирек түсті металдар өндірутүсті металл кендерін өндіру және байыту, түсті металдар өндіру
Тамақ өнеркәсібітамақ өнімдерін, сусындарды, сүт пен сүт өнімдерін өндіру
Асбест өндіруасбест өндіру және асбест бұйымдарын дайындау
Қалдықтарды басқаруқалдықтарды көму
қалдықтарды қалпына келтіру
қалдықтарды термиялық тәсілмен жою және кәдеге жарату

2025

Қамтылған салаларҚамтылған қызмет түрлері
Тамақ өнеркәсібітамақ өнімдерін, сусындарды, сүт пен сүт өнімдерін өндіру
Ауыл шаруашылығы саласышошқа мен ауыл шаруашылығы құстарын қарқынды өсіру
Сарқынды суларды тазартуелді мекендердің орталықтандырылған су бұру жүйелерінің сарқынды суларын тазарту
Уран өндірууран және торий кендерін өндіру, уран және торий кендерін байыту, ядролық отын өндіру

2026

Қамтылған салаларҚамтылған қызмет түрлері
Тамақ өнеркәсібітамақ өнімдерін, сусындарды, сүт пен сүт өнімдерін өндіру
Ауыл шаруашылығы саласышошқа мен ауыл шаруашылығы құстарын қарқынды өсіру
Титан мен магний өндірутүсті металл кендерін өндіру және байыту, түсті металдар өндіру
Уран өндірууран және торий кендерін өндіру, уран және торий кендерін байыту, ядролық отын өндіру
Химия саласыбейорганикалық қышқылдар, минералды тыңайтқыштар өндіру
Бағалы металдар өндірутүсті металл кендерін өндіру және байыту, түсті металдар өндіру

КТА жүргізу жоспарлары

2026–2028 жыл­дарға ар­нал­ған КТА жос­пар­лары.

ЖылҚамтылуы жоспарланған қызмет түрлері
2026Ұн тарту өнімдерін өндіру;
Ет комбинаттарында, ет-тоңазыту союханаларында мал сою;
Сүт пен сүт өнімдерін өндіру.
2027Кең таралған пайдалы қазбаларды өндіру, өңдеу
Жол жабындарын өндіру
Өнім (тауар) өндіру кезінде атмосфералық ауаға шығарындыларды тазарту
2028Газды, газды өңдеу өнімдерін, мұнай мен мұнай өнімдерін магистральдық құбыржолдар арқылы тасымалдау
Құрылыс материалдарын өндіру
Аз алкогольді және алкогольсіз сусындарды қоспағанда, сусындар өндіру
Өнім (тауар) өндіру кезінде сарқынды суларды тазарту

Өтініш білдіру тәртібі және байланыс ақпараты

КТА жүр­гізу үшін ЕҚТ бю­ро­сына мына бай­ла­ныс­тар бо­йынша ресми сұрау салу қажет:

Масенов Қайрат

Бас­қа­рушы ди­рек­тор – ЕҚТ бю­ро­сы­ның бас­шысы

8 7172 573 221

k.massenov@igtipc.org

Әлмұрзаева Салтанат

ЕҚТ бю­ро­сы­ның Са­рап­та­ма­лық ба­ға­лау бас­қар­ма­сы­ның бас­шысы

8 7172 573 220

s.almurzayeva@igtipc.org

Исмайлова Ару

ЕҚТ бю­ро­сы­ның Са­рап­та­ма­лық ба­ға­лау бас­қар­ма­сы­ның бас ме­нед­жері

8 7172 573 263

a.jumasheva@igtipc.org

Мочалова Клара

ЕҚТ бю­ро­сы­ның Са­рап­та­ма­лық ба­ға­лау бас­қар­ма­сы­ның бас ме­нед­жері

8 7172 573 254

k.mochalova@igtipc.org

Машева Рымкеш

ЕҚТ бю­ро­сы­ның Са­рап­та­ма­лық ба­ға­лау бас­қар­ма­сы­ның бас ме­нед­жері

8 7172 573 257

r.masheva@igtipc.org

Офис-менеджер

ЕҚТ бюросы

8 7172 573 200

info@igtipc.org

КТА-ға баға ұсынысын сұрау

КТА жүр­гі­зуге баға ұсы­ны­сын алу үшін ресми сұ­рауды info@igtipc.org ме­кен­жа­йына жі­бе­рі­ңіз

ЕҚТ бюросы, офис-ме­нед­жер: 8 7172 573 200

Өтінім алдын ала си­патта болады. КТА жүр­гізу үшін ЕҚТ бю­ро­сына ресми сұрау салу қажет.

Ең үздік қол­же­тімді тех­ни­ка­лар (ЕҚТ) бюросы

ЕҚТ бойынша анықтамалықтар басқармасы

Ең үздік қол­же­тімді тех­ни­ка­лар жө­нін­дегі анық­та­ма­лық­тарды әзір­леу, өзек­ті­лен­діру және сү­йе­мел­деу

ЕҚТ бо­йынша анық­та­ма­лық­тар бас­қар­масы ЕҚТ бо­йынша анық­та­ма­лық­тар­дың жо­ба­ла­рын әзір­леу жө­нін­дегі жұ­мыс­тарды жүр­гі­зеді және оларды Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­касы Үкі­ме­ті­нің қау­лы­ла­ры­мен бе­кі­тіл­генге дейін уә­кі­летті және мүд­делі мем­ле­кет­тік ор­ган­дарда кон­суль­та­ция­лық сү­йе­мел­деуді қам­та­ма­сыз етеді.

Бағыт туралы

ЕҚТ бо­йынша анық­та­ма­лық­тар бас­қар­масы ең үздік қол­же­тімді тех­ни­ка­лар жө­нін­дегі ұлттық са­ла­лық және са­лаа­ра­лық анық­та­ма­лық­тар­дың жо­ба­ла­рын әзір­леуді, оларды өзек­ті­лен­ді­руді және бел­гі­лен­ген тәр­тіп­пен бе­кі­тіл­генге дейін сү­йе­мел­деуді қам­та­ма­сыз етеді.

ЕҚТ бойынша анықтамалық дегеніміз не?

ЕҚТ бо­йынша анық­та­ма­лық­тар – бұл қор­ша­ған ортаға теріс әсерді тө­мен­де­туге және ресурс тиім­ді­лі­гін ар­тты­руға ба­ғыт­тал­ған қол­да­ны­ла­тын тех­но­ло­гия­лар, тех­ника мен жабдық, эко­ло­гия­лық көр­сет­кіш­тер және ең үздік қол­же­тімді тех­ни­ка­лар туралы жү­йе­лен­ген ақ­па­ратты қам­ти­тын құ­жат­тар.

ЕҚТ бойынша анықтамалықтардың маңызы

  • Эко­ло­гия­лық рет­теу­дің бі­рың­ғай әдіс­на­ма­лық негізі
  • Қол­да­ны­ла­тын ЕҚТ мен тех­но­ло­гия­лық көр­сет­кіш­терді ай­қын­дау
  • Өнер­кә­сіп­тік кә­сі­по­рын­дарды жаң­ғыр­туға және тұ­рақты да­мы­туға жәр­дем­десу

ЕҚТ бойынша анықтамалықты әзірлеу кезеңдері

1

Саланы талдау

Тех­но­ло­гия­лық про­цес­терді зер­де­леу, де­рек­терді жинау және талдау, КТА нә­ти­же­лері

2

Салыстырмалы талдау

Ха­лы­қа­ра­лық анық­та­ма­лық­тарды (ЕО, ЭЫДҰ, РФ және т.б.) талдау және Қа­зақ­стан жағ­дай­ла­рына бе­йім­деу

3

Сараптамалық өзара іс-қимыл

Кә­сі­по­рын­дар­мен, са­ла­лық қауым­дас­тық­тар­мен, ғылыми және са­рап­та­ма­лық ұйым­дар­мен тал­қы­лау

4

Жобаны дайындау

ЕҚТ бо­йынша анық­та­ма­лық­тың жо­ба­сын қа­лып­тас­тыру

5

Келісу және сүйемелдеу

Бе­кі­тіл­генге дейін уә­кі­летті ор­ган­дарда қарау

6

Өзектілендіру

Тех­но­ло­гия­лар­дың дамуын және эко­ло­гия­лық заң­нама та­лап­та­рын ескере отырып же­тіл­діру

Жұмыс нәтижелері

24

2021–2026 жыл­дары ЕҚТ бо­йынша анық­та­ма­лық әзір­ленді

  • Өнер­кә­сіп­тің не­гізгі са­ла­ла­рын қамту
  • Ха­лы­қа­ра­лық тә­жі­ри­бені пай­да­лану (ЕО, ЭЫДҰ, РФ)
  • Са­ла­лық са­рап­шы­ларды тарту
  • Кә­сі­по­рын­дар үшін өзекті және қол­дан­балы ақ­па­рат
  • За­ма­науи тех­но­ло­гия­ларды ен­гі­зуді қолдау

2021–2026 жылдары кәсіпорындар үшін ЕҚТ бойынша 24 анықтамалық әзірленді:

12
Тау-кен металлургия саласы
2
Химия өнеркәсібі
3
Мұнай-газ саласы
2
Энергетика саласы
1
Мониторинг жүйесі
1
Елді мекендердің орталықтандырылған су тарту жүйелерінің сарқынды суларын тазарту
3
Қалдықтарды басқару саласы

Анықтамалықтар мыналарға ықпал етеді

  • Қор­ша­ған ортаға теріс әсерді тө­мен­де­туге
  • Өн­ді­ріс­тің ресурс тиім­ді­лі­гін ар­тты­руға
  • Ең үздік қол­же­тімді тех­ни­ка­ларды ен­гі­зуге
  • КЭР ұлттық жү­йе­сін да­мы­туға

Жүргізілген жұмыстар

Бе­йор­га­ни­ка­лық хи­мия­лық зат­тарды өндіру

Цемент және әк өн­ді­рісі

Мырыш және кадмий өн­ді­рісі

Мұнай мен газды қайта өңдеу

Қор­ға­сын өн­ді­рісі

Мыс және бағалы металл — алтын өн­ді­рісі

Энер­гия өндіру мақ­са­тында ірі қон­дыр­ғы­ларда отынды жағу

Ша­руа­шы­лық және (немесе) өзге де қыз­метті жүзеге асыру ке­зін­дегі энер­ге­ти­ка­лық тиім­ді­лік

Титан және магний өн­ді­рісі

Не­гізгі ор­га­ни­ка­лық хи­мия­лық заттар және по­ли­мер өн­ді­рісі

Ат­мос­фе­ра­лық ауаға және су объ­ек­ті­ле­ріне лас­та­ғыш заттар эмис­сия­ла­ры­ның мо­ни­то­рингі

Елді ме­кен­дер­дің ор­та­лық­тан­ды­рыл­ған су бұру жү­йе­ле­рі­нің сар­қынды су­ла­рын та­зарту

Түсті ме­тал­дар кен­де­рін өндіру және байыту (бағалы ме­тал­дарды қоса ал­ғанда)

Темір кен­де­рін (қара ме­тал­дар­дың өзге де кен­де­рін қоса ал­ғанда)өндіру және байыту

Фер­ро­қо­рытпа өн­ді­рісі

Мұнай және газ өндіру

Шойын және болат өн­ді­рісі

Қара ме­талды одан әрі қайта өңдеу бұ­йым­да­ры­ның өн­ді­рісі

Кө­мірді өндіру және байыту

Алю­ми­ний өн­ді­рісі

Қал­дық­тарды қал­пына кел­тіру

Қал­дық­тарды тер­мия­лық тә­сіл­мен жою және кәдеге жарату

Жоспар

2026 жылы әзірленіп жатқан ЕҚТ бойынша анықтамалықтар

  • «Шошқа мен ауыл ша­руа­шы­лығы құс­та­рын қар­қынды өсіру»;
  • «Аз ал­ко­гольді және ал­ко­голь­сіз су­сын­дар өндіру»;
  • «Та­ғам­дық өсім­дік май­ла­рын өндіру»;
  • «Уран кен­де­рін өндіру және өңдеу»;
  • «Сирек түсті ме­тал­дар өндіру».

2027 жылы әзірлеу жоспарланған ЕҚТ бойынша анықтамалықтар

  • «Сүт пен сүт өнім­де­рін өндіру»;
  • «Ұн тарту өнім­де­рін өндіру»;
  • «Ет ком­би­нат­та­рында, ет-то­ңа­зыту сою­ха­на­ла­рында мал сою».

Жоспарланған техникалық шешімдердің ЕҚТ-ға көшу қағидаттарына сәйкестігі туралы сараптамалық қорытынды беру жөніндегі консультациялық қызметтер

Жоспарланған техникалық шешімдердің ЕҚТ-ға көшу қағидаттарына сәйкестігі туралы сараптамалық қорытынды

Қа­зіргі за­манғы эко­ло­гия­лық та­лап­тарды ескере отырып, жос­пар­лан­ған және/немесе са­лы­нып жатқан өнер­кә­сіп­тік объ­ек­ті­лер үшін тех­ни­ка­лық ше­шім­дерді кәсіби са­рап­та­ма­лық ба­ға­лау

Өнер­кә­сіп­тік объ­ек­ті­лер үшін жос­пар­лан­ған тех­ни­ка­лық ше­шім­дер­дің ең үздік қол­же­тімді тех­ни­ка­ларға көшу қа­ғи­дат­та­рына сәй­кес­ті­гін кәсіби са­рап­та­ма­лық ба­ға­лау.

Өн­ді­ріс­тік объ­ек­тіні жо­ба­лау және салу ке­зе­ңінде қа­был­да­на­тын тех­ни­ка­лық ше­шім­дер оның эко­ло­гия­лық си­пат­та­ма­ла­рын, ре­сур­старды пай­да­лану тиім­ді­лі­гін және одан әрі жаң­ғырту / ре­кон­струк­ция­лау мүм­кін­дік­те­рін көп жағ­дайда ай­қын­дайды.

Уақ­тылы талдау ық­ти­мал эко­ло­гия­лық тәуе­кел­дерді анық­тауға, за­ма­науи тех­но­ло­гия­лық тә­сіл­дер­дің қол­да­ны­луын ба­ға­лауға және жобаны одан әрі пы­сық­тау үшін кәсіби ұсы­ным­дар алуға мүм­кін­дік береді.

ЕҚТ бю­ро­сы­ның са­рап­та­ма­лық қо­ры­тын­дысы – бұл жоба іске асы­ру­дың келесі ке­зең­де­ріне өт­кенге дейін тех­ни­ка­лық ше­шім­дерді эко­ло­гия­лық та­лап­тар мен ең үздік қол­же­тімді тех­ни­ка­лар қа­ғи­дат­тары тұр­ғы­сы­нан ба­ға­лау мүм­кін­дігі.

Қызмет көр­сету шең­бе­рінде бе­йінді са­ла­лық са­рап­шы­лар мен ЕҚТ жө­нін­дегі бюро ма­ман­дары ұсы­ныл­ған ма­те­риал­дарды тал­да­ма­лық зер­де­лейді және жос­пар­лан­ған немесе са­лы­нып жатқан объ­ек­ті­нің не­гізгі си­пат­та­ма­ла­рын қа­райды. Бұл қызмет жо­ба­лық ше­шім­дер­дің эко­ло­гия­лық ас­пек­ті­ле­рін ба­ға­лауға, тех­но­ло­гия­лық көр­сет­кіш­терді тал­дауға және өн­ді­рісті жос­пар­лау немесе салу ке­зе­ңінде-ақ оны же­тіл­діру ба­ғыт­та­рын анық­тауға ба­ғыт­тал­ған.

Бұл қалай жұмыс істейді?

1

Сіздің техникалық шешімдеріңіз

Сіз жос­пар­лан­ған және/немесе са­лы­нып жатқан өнер­кә­сіп­тік объ­екті және оның тех­ни­ка­лық ше­шім­дері туралы ақ­па­рат ұсы­на­сыз

2

Сараптамалық талдау

Біздің ма­ман­дар ұсы­ныл­ған ма­те­риал­дарды зер­де­лейді, тех­но­ло­гия­лық про­цес­терді, эмис­сия­ларды, энер­гия тиім­ді­лігі мен ре­сур­старды тұтыну көр­сет­кіш­те­рін тал­дайды

3

ЕҚТ-мен салыстыру

Тех­ни­ка­лық ше­шім­дерді ЕҚТ бо­йынша ұлттық және ха­лы­қа­ра­лық анық­та­ма­лық­тар­мен, оның ішінде ЕО және ЭЫДҰ ел­де­рі­нің стан­дар­тта­ры­мен са­лыс­ты­ра­мыз

4

Сараптамалық қорытынды

Сіз талдау нә­ти­же­лері мен тех­ни­ка­лық ше­шім­дерді же­тіл­діру жө­нін­дегі ұсы­ным­дарды аласыз

Тиімді жо­ба­лық ше­шім­дер қа­был­дау­дың негізі

Біз нені талдаймыз?

  • Тех­но­ло­гия­лық про­цес­тер

    Қол­да­ны­ла­тын және жос­пар­лан­ған тех­но­ло­гия­лық ше­шім­дер­дің ерек­ше­лік­тері

  • Лас­таушы зат­тар­дың эмис­сия­лары

    Эмис­сия дең­гей­лері және қор­ша­ған ортаны лас­тау­дың ық­ти­мал көз­дері

  • Энер­гия тиім­ді­лігі

    Энер­гияны пай­да­лану тиім­ді­лі­гі­нің көр­сет­кіш­тері және оны ар­ттыру мүм­кін­дік­тері

  • Ре­сур­старды тұтыну

    Ре­сур­старды пай­да­лану және оң­тай­лан­дыру ба­ғыт­тары

  • ЕҚТ-мен са­лыс­тыру

    ЕҚТ бо­йынша қа­зақ­стан­дық және ха­лы­қа­ра­лық анық­та­ма­лық­тарды ескере отырып талдау

  • Са­рап­та­ма­лық ұсы­ным­дар

    Тех­но­ло­гия­лық және бас­қа­ру­шы­лық ше­шім­дерді же­тіл­діру жө­нін­дегі ұсы­ныс­тар

Қызмет көр­сету нә­ти­же­лері бо­йынша тап­сы­рыс беруші са­рап­та­ма­лық қо­ры­тынды алады, онда ұсы­ныл­ған тех­ни­ка­лық ше­шім­дерді талдау нә­ти­же­лері және жос­пар­лан­ған өнер­кә­сіп­тік объ­екті бо­йынша не­гіз­дел­ген ұсы­ным­дар қам­ты­лады.

Қо­ры­тын­ды­ның прак­ти­ка­лық құн­ды­лығы мына мүм­кін­дік­терде:

  • Ық­ти­мал тәуе­кел­дерді анық­тау және эко­ло­гия­лық әрі тех­но­ло­гия­лық тұр­ғы­дан қо­сымша назар ау­да­руды қажет ететін мә­се­ле­лерді ай­қын­дау.
  • Тех­ни­ка­лық ше­шім­дер­дің не­гіз­ді­лі­гін ба­ға­лау – жобада көз­дел­ген тә­сіл­дерді ЕҚТ бо­йынша анық­та­ма­лық­тар­дың қол­да­ны­ла­тын көр­сет­кіш­те­рі­мен және ере­же­ле­рі­мен са­лыс­тыру.
  • Же­тіл­діру ба­ғыт­та­рын ай­қын­дау – тех­но­ло­гия­лық про­цес­терді ық­ти­мал оң­тай­лан­дыру жө­нін­дегі ұсы­ным­дар.
  • Талдау нә­ти­же­ле­рін одан әрі жос­пар­лау және тех­ни­ка­лық ше­шім­дер қа­был­дау ке­зінде пай­да­лану.
  • Кә­сі­по­рын­ның эко­ло­гия­лық стра­те­гия­сын қолдау – өн­ді­рісті да­мы­туды жос­пар­лау ке­зінде эко­ло­гия­лық ас­пек­ті­лер мен ЕҚТ қа­ғи­дат­та­рын ескеру.

Са­рап­та­ма­лық қо­ры­тынды мы­на­лар үшін қы­зықты болуы мүмкін:

  • Өнер­кә­сіп­тік кә­сі­по­рын­дар – жаңа объ­ек­ті­лер салуды, өн­ді­ріс­тік про­цес­терді жаң­ғыр­туды немесе же­тіл­ді­руді жос­пар­лау ке­зінде.
  • Ин­вес­тор­лар мен жоба бас­та­ма­шы­лары – жос­пар­лан­ған тех­ни­ка­лық ше­шім­дер­дің эко­ло­гия­лық ас­пек­ті­ле­рін алдын ала ба­ға­лау, тех­но­ло­гия­лық ба­ла­ма­ларды қарау және өн­ді­рісті же­тіл­діру мүм­кін­дік­те­рін іздеу ке­зінде. Тех­ни­ка­лық ше­шім­дерді эко­ло­гия­лық та­лап­тар мен за­ма­науи тех­но­ло­гия­лық тә­сіл­дерді ескере отырып пы­сық­тау ке­зінде.

Тапсырыс беруші қандай нәтиже алады?

  • Са­рап­та­ма­лық қо­ры­тынды
  • Анық­тал­ған тәуе­кел­дер
  • ЕҚТ-ға сәй­кес­тікті ба­ға­лау
  • Тех­ни­ка­лық ше­шім­дерді же­тіл­діру жө­нін­дегі ұсы­ным­дар

Қызмет кімге пайдалы?

  • Өнер­кә­сіп­тік кә­сі­по­рын­дар
  • Ин­вес­тор­лар мен жоба бас­та­ма­шы­лары
  • Кә­сі­по­рын­дар­дың эко­ло­гия­лық қыз­мет­тері
  • Жо­ба­лау және ин­жи­ни­рин­гтік ұйым­дар

Бізге не үшін жүгіну керек?

  • Эко­ло­гия­лық тәуе­кел­дерді ерте ке­зеңде анық­тау
  • Тех­ни­ка­лық ше­шім­дер­дің ЕҚТ қа­ғи­дат­та­рына сәй­кес­ті­гін ба­ға­лау
  • Тех­но­ло­гия­лық және бас­қа­ру­шы­лық ше­шім­дерді же­тіл­діру жө­нін­дегі ұсы­ным­дар алу
  • Жо­ба­лық пы­сық­тау­дың са­па­сын ар­ттыру
  • Эко­ло­гия­лық ас­пек­ті­лер мен ЕҚТ қа­ғи­дат­та­рын ескеру

Уақ­тылы са­рап­та­ма­лық ба­ға­лау назар ау­да­руды қажет ететін мә­се­ле­лерді анық­тауға және өн­ді­ріс­тік жо­ба­ларды іске асы­ру­дың эко­ло­гия­лық және тех­но­ло­гия­лық ас­пек­ті­ле­ріне не­ғұр­лым не­гіз­дел­ген тә­сілді қа­лып­тас­ты­руға кө­мек­те­седі.

Қо­сымша кон­суль­та­ция алу үшін ЕҚТ бю­ро­сына мына бай­ла­ныс­тар бо­йынша ресми сұрау салу қажет:

Масенов Қайрат

Бас­қа­рушы ди­рек­тор – ЕҚТ бю­ро­сы­ның бас­шысы

8 7172 573 221

k.massenov@igtipc.org

Баймұхаметов Әлішер

ЕҚТ бо­йынша анық­та­ма­лық­тар бас­қар­ма­сы­ның бас­шысы

8 7172 573 219

a.baimukhametov@igtipc.org

Әлмағжанов Темірбек

ЕҚТ бо­йынша анық­та­ма­лық­тар бас­қар­ма­сы­ның жоба же­тек­шісі

8 7172 573 041

t.almagzhanov@igtipc.org

Офис-менеджер

ЕҚТ бюросы

8 7172 573 200

info@igtipc.org

Ең үздік қол­же­тімді тех­ни­ка­лар (ЕҚТ) бюросы

Мониторинг, талдау және КЭР басқармасы

ЕҚТ енгізу мо­ни­то­рингі және ке­шенді эко­ло­гия­лық рұқ­сат­тар мә­се­ле­лері бо­йынша кон­суль­та­ция­лық-тал­да­ма­лық қолдау

Мо­ни­то­ринг, талдау және КЭР бас­қар­масы – ЕҚТ бю­ро­сы­ның мо­ни­то­рин­гке, ЕҚТ енгізу дә­ре­же­сін тал­дауға, сондай-ақ өнер­кә­сіп­тік кә­сі­по­рын­дарға КЭР алуға жәр­дем­де­суге ба­ғыт­тал­ған құ­ры­лым­дық бө­лім­шесі.

Қызметтің негізгі бағыттары

1

ЕҚТ енгізу мониторингі

Ең үздік қол­же­тімді тех­ни­ка­лар­дың қол­да­ны­луы және кә­сі­по­рын­дарды эко­ло­гия­лық жаң­ғырту барысы туралы ақ­па­ратты жинау және талдау.

2

Талдамалық қызмет

Өнер­кә­сіп­тің ЕҚТ-ға көшу жай-күйін зер­де­леу, туын­дай­тын мә­се­ле­лерді талдау және ЕҚТ мен КЭР жү­йе­сін же­тіл­діру ба­ғыт­та­рын ай­қын­дау.

3

КЭР мәселелері бойынша консультациялық қолдау

Кә­сі­по­рын­дарға КЭР алуға да­йын­дық, ЕҚТ қол­дану және қа­жетті ма­те­риал­дарды әзір­леу бо­йынша тү­сін­дір­ме­лер мен ұсы­ным­дар беру.

4

Әдіснамалық қолдау

ЕҚТ бо­йынша анық­та­ма­лық­тар­дың ере­же­лері мен КЭР бө­лі­гін­дегі эко­ло­гия­лық заң­нама та­лап­та­рын тү­сін­діру, тал­да­ма­лық ма­те­риал­дар мен рет­теуді же­тіл­діру жө­нін­дегі ұсы­ныс­тарды да­йын­дау.

Кешенді экологиялық рұқсат және ЕҚТ қолдану

Ке­шенді эко­ло­гия­лық рұқсат (КЭР) – ең үздік қол­же­тімді тех­ни­ка­ларды (ЕҚТ) қол­дану арқылы өнер­кә­сіп­тік объ­ек­ті­лер­дің қор­ша­ған ортаға теріс әсерін тө­мен­де­туге ба­ғыт­тал­ған Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сын­дағы эко­ло­гия­лық реттеу құралы.

КЭР қыз­метті жүзеге асы­ру­дың эко­ло­гия­лық шар­тта­рын, оның ішінде тех­но­ло­гия­лық нор­ма­тив­терді, эмис­сия нор­ма­тив­те­рін, қал­дық­тар­мен жұмыс іс­теуге және өн­ді­ріс­тік эко­ло­гия­лық ба­қы­лауға қо­йы­ла­тын та­лап­тарды бел­гі­лейді.

КЭР қандай объектілер үшін көзделген?

Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Эко­ло­гия­лық ко­дек­сіне сәйкес заң­на­мада бел­гі­лен­ген өтпелі ере­же­лерді ескере отырып, I са­нат­тағы объ­ек­ті­лер үшін КЭР болуы мін­детті.

Өзге са­нат­тағы объ­ек­ті­лер үшін КЭР алу мүм­кін­дігі эко­ло­гия­лық заң­нама та­лап­та­рына сәйкес ай­қын­да­лады.

КЭР мен ең үздік қолжетімді техникалардың өзара байланысы

КЭР жү­йе­сі­нің негізі – қор­ша­ған ортаға теріс әсерді тө­мен­де­туге және өн­ді­ріс­тің ресурс тиім­ді­лі­гін ар­тты­руға ба­ғыт­тал­ған тиімді тех­ни­ка­лық және тех­но­ло­гия­лық ше­шім­дер болып та­бы­ла­тын ЕҚТ-ны қол­дану.

1

ЕҚТ бойынша анықтамалықтар

Қол­да­ны­ла­тын ЕҚТ мен тех­но­ло­гия­лық көр­сет­кіш­тер туралы ақ­па­ратты қам­тиды

2

ЕҚТ қолдану

Қор­ша­ған ортаға теріс әсерді тө­мен­дету үшін за­ма­науи тех­но­ло­гия­ларды енгізу

3

КЭР

ЕҚТ-ны ескере отырып, объект қыз­ме­ті­нің эко­ло­гия­лық шар­тта­рын бел­гі­леу

Қол­да­ны­ла­тын ЕҚТ-ны ай­қын­дау ке­зінде өн­ді­ріс­тік про­цес­тер, қол­да­ны­ла­тын тех­ни­ка­лар және эко­ло­гия­лық көр­сет­кіш­тер туралы мә­лі­мет­терді қам­ти­тын ЕҚТ бо­йынша анық­та­ма­лық­тар пай­да­ла­ны­лады. Заң­на­маға сәйкес ЕҚТ бо­йынша ұлттық және ха­лы­қа­ра­лық анық­та­ма­лық құ­жат­тар ес­ке­рі­луі мүмкін.

ЕҚТ қол­дану лас­таушы зат­тар­дың шы­ға­рын­ды­лары мен тө­гін­ді­ле­рін тө­мен­де­туге, қал­дық­тар­дың тү­зі­луін азай­туға, ре­сур­старды ұтымды пай­да­ла­нуға және кә­сі­по­рын­дарды тех­но­ло­гия­лық жаң­ғыр­туға ықпал етеді.

КЭР алуға қойылатын негізгі талаптар

КЭР алу Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Эко­ло­гия­лық ко­дек­сіне және эко­ло­гия­лық рұқ­сат­тар беру қа­ғи­да­ла­рына сәйкес жүзеге асы­ры­лады.

Объ­ек­ті­нің ерек­ше­лік­те­ріне қарай қа­жетті ма­те­риал­дар­дың құ­ра­мына тех­но­ло­гия­лық нор­ма­тив­тер­дің не­гіз­де­месі, қол­да­ны­ла­тын тех­ни­ка­лар туралы мә­лі­мет­тер, эмис­сия нор­ма­тив­тері, өн­ді­ріс­тік эко­ло­гия­лық ба­қы­лау бағ­дар­ла­масы және заң­на­мада көз­дел­ген өзге де құ­жат­тар кіреді.

ЕҚТ тех­но­ло­гия­лық көр­сет­кіш­те­рі­нің сақ­та­луын қам­та­ма­сыз ет­пей­тін қол­да­ныс­тағы объ­ек­ті­лер үшін заң­на­мада эко­ло­гия­лық тиім­ді­лікті ар­ттыру бағ­дар­ла­ма­сын әзір­леу көз­дел­ген.

КЭР-ді қор­ша­ған ортаны қорғау са­ла­сын­дағы уә­кі­летті мем­ле­кет­тік орган береді.

Ең үздік қолжетімді техникалар бюросының рөлі

«Ха­лы­қа­ра­лық жасыл тех­но­ло­гия­лар және ин­вес­ти­ция­лық жо­ба­лар ор­та­лығы» КеАҚ ЕҚТ бюросы Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сында ЕҚТ ен­гі­зуді ғылыми-тал­да­ма­лық және әдіс­на­ма­лық қам­та­ма­сыз етуді жүзеге асы­рады.

Бюро қыз­меті ЕҚТ бо­йынша анық­та­ма­лық­тарды әзір­леуді, өн­ді­ріс­тік про­цес­терді тал­дауды және эко­ло­гия­лық рет­теу­дің ха­лы­қа­ра­лық тә­жі­ри­бе­сін зер­де­леуді қам­тиды, бұл ЕҚТ ұлттық жү­йе­сін да­мы­туға және КЭР-ге кө­шу­дің тех­но­ло­гия­лық не­гі­зін қа­лып­тас­ты­руға ықпал етеді.

КЭР-ге көшу бо­йынша қо­сымша кон­суль­та­ция алу үшін ЕҚТ бю­ро­сына мына бай­ла­ныс­тар бо­йынша ресми сұрау салу қажет:

Масенов Қайрат

Бас­қа­рушы ди­рек­тор – ЕҚТ бю­ро­сы­ның бас­шысы

8 7172 573 221

k.massenov@igtipc.org

Талғатов Абылайхан

Мо­ни­то­ринг, талдау және КЭР бас­қар­ма­сы­ның бас­шысы

Қо­ңы­рау шалу

a.talgatov@igtipc.org

Ахметова Гүлназым

Мо­ни­то­ринг, талдау және КЭР бас­қар­ма­сы­ның жоба же­тек­шісі

8 7172 573 212

g.akhmetova@igtipc.org

Офис-менеджер

ЕҚТ бюросы

8 7172 573 200

info@igtipc.org