Global Cleantech Innovation Programme

ЮНИДО мен ЖЭҚ-тың таза технологиялар саласындағы инновациялардың жаһандық бағдарламасы. Орталық — ұлттық орындаушы. Қазақстан Орталық Азиядағы GCIP ұлттық акселерациялық бағдарламасы бар алғашқы ел болды.
Іске асырылуда
Бағдарлама
ЮНИДО және ЖЭҚ
Орталықтың рөлі
Ұлттық орындаушы
Кімге арналған
Таза технологиялар саласындағы стартаптар мен шағын кәсіпорындар
Нәтижелер сандармен
Жаһандық Cleantech Days жүлдегерлері
- HydroTech ATM — ТОП-3 · Вена, 2026
- Murat Beton Technology — 1-орын · Стамбул, 2025
- Ozen-M — 2-орын · Вена, 2024
Eco Startup Competition Central Asia
Астанадағы RES 2026 EXPO-дағы өңірлік пилот: Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстаннан 15 команда. Гран-при — AuaLine (Қазақстан). Финалистер: Water Watch AI Plus, Defuse-IT, Sirly, Organic Living. Жасыл акселерацияның өңірлік хабының негізі.
Жоба жаңалықтары
-

Орталық Азия климаттық инновацияларды дамыту мақсатында Жасыл акселерацияның өңірлік хабын құруды жоспарлап отыр
-

Қазақстан мен ЮНИДО Орталық Азияда GCIP таза технологиялар бағдарламасын өңірлік деңгейде дамыту мүмкіндігін қарастыруда.
-

Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы (IGTIC) және ЮНИДО-дан Таза технологиялар саласындағы инновациялардың жаһандық бағдарламасы (GCIP).
Бағдарлама туралы толығырақ
GCIP бағдарламасы туралы
Таза технологиялар саласындағы инновациялардың жаһандық бағдарламасы (Global Cleantech Innovation Programme – бұдан әрі GCIP) экологиялық таза технологиялар саласындағы инновациялар мен кәсіпкерлікке ықпал ететін Жаһандық Экологиялық Қордың (ЖЭҚ) және ЮНИДОНЫҢ флагмандық бағдарламаларының бірі болып табылады.
Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы КАҚ Қазақстан Республикасы Экология, Геология және табиғи ресурстар министрлігінің 2020 жылғы 16 қаңтардағы № 13-04-107/И хатына сәйкес жобаны орындаушы ұйым ретінде айқындалған.
Бағдарлама 16 қатысушы елге инноваторларды анықтау және таза технологиялар саласындағы жаһандық технологиялық платформаны құру үшін оның географиялық ауқымын кеңейту үшін ұлттық конкурс ұйымдастыруға көмектесуге арналған.
GCIP: бағдарламаны іске асыру географиясы
Бағдарлама таза технологиялар саласындағы инновациялық шешімдерді әзірлеу және енгізу үшін институционалдық әлеует пен қаржы тетіктерін нығайту арқылы таза технологиялар саласындағы жаңа кәсіпорындарды дамытуға бағытталған болатын. GCIP стартаптарды конкурстық іріктеуді, акселерациялауды және коммерцияландыруды қамтыды, бұл 7 бағыт бойынша ең перспективалы кәсіпкерлерді анықтауға мүмкіндік берді:


