БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

«Ғаламат ғасыр» телехикаясының жұлдызы Халит Эргенч COP31 аясындағы Қазақстанның Ұлттық павильонына жоғары баға берді


ЖАРИЯЛАНҒАН: 12.11.2026
БӨЛІСУ:
← Барлық жаңалықтар

«Ғаламат ғасыр» атты тарихи телехикаяда Сүлеймен Сұлтанның рөлін сомдаған танымал түрік актері Халит Эргенч Антальяда өтіп жатқан БҰҰ-ның Климаттың өзгеруі туралы негіздемелік конвенциясы тараптарының 31-конференциясы (COP31) аясында Қазақстанның Ұлттық павильонына барды. Павильон экспозициясын «Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы» КЕАҚ Басқарма төрағасы Сәкен Қалқаманов таныстырды. Ол қонаққа Қазақстанның экологиялық саясатының негізгі бағыттары, өндірістік нысандар, жасыл технологияларды дамытуға, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалануға және экологиялық проблемаларды шешуге бағытталған жобалар туралы жан-жақты баяндады. Актер еліміздің экологиялық бастамаларына, ұсынылған жобалар мен технологиялық шешімдерге үлкен қызығушылық танытып, әсіресе Арал теңізіне қатысты мәселелердің өзектілігіне ерекше назар аударды.

Павильонды аралау кезінде актер ұсынылған өндірістік нысандардың әрқайсысына тоқталып, олардың жұмысымен, қолданылатын технологиялармен және жүзеге асырылып жатқан жобалардың нақты нәтижелерімен танысты. Әсіресе Арал өңіріндегі экологиялық ахуал Халит Эргенчтің назарын аударды. Ол Арал теңізінің тартылуына байланысты туындаған мәселелер, оның қоршаған ортаға тигізген зардаптары және өңірдің табиғи экожүйесін қалпына келтіру бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы толық мәлімет алды.

Сәкен Қалқаманов сондай-ақ Қазақстанның экологиялық сын-қатерлерді шешуге бағытталған кешенді тәсілі, заманауи технологияларды енгізу және тұрақты дамуды қамтамасыз етуге арналған бастамаларды іске асыру жөніндегі жұмыстары туралы баяндады. Ұлттық павильонда танымал актер Қазақстанның экологиялық күн тәртібімен, табиғатты қорғау бағытындағы жобаларымен және технологиялық жетістіктерімен жақынырақ таныса алды.

Сапар барысында Халит Эргенч Амур мен Үміт есімді цифрлық гидтермен де танысты. Жасанды интеллект технологиясы негізінде жұмыс істейтін интерактивті көмекшілер Қазақстанның табиғатты қорғау саласындағы бастамалары, сондай-ақ тұран жолбарысының популяциясын қалпына келтіру жобасы туралы ақпарат ұсынады. Түркиялық актерге павильон экспозициясын таныстыру мақсатында цифрлық гидтер түрік тілінде тіл қатты. Бұл заманауи технологиялардың экологиялық бастамаларды кеңінен танытуға және мәдениетаралық байланысты нығайтуға мүмкіндік беретінін көрсетті.

IGTIC Басқарма төрағасы актерге жасанды интеллект пен цифрлық шешімдердің көмегімен Қазақстанның экологиялық жобалары халықаралық аудиторияға қалай таныстырылып жатқанын көрсетті. Халит Эргенч павильон экспозициясымен жан-жақты танысып, ұсынылған бастамаларға жоғары баға берді.

Сонымен қатар, COP31 аясындағы Қазақстанның Ұлттық павильоны еліміздің экологиялық, технологиялық, мәдени және инвестициялық бағыттарын бір арнаға тоғыстырады. Павильон бағдарламасы 38 тақырыптық іс-шараны қамтиды. Сонымен қатар конференция аясында инвестициялық сипаттағы 34 құжатқа қол қойылды.