Негізгі мазмұнға өту
Баспасөз релизі

IGTIC қызметкерлері сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамадағы өзгерістермен танысты

Жарияланды:
Бөлісу:

Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­касы Мем­ле­кет­тік қызмет істері аген­тті­гі­нің Сы­бай­лас жем­қор­лыққа қарсы саясат де­пар­та­мен­ті­нің бас са­рап­шысы Шым­бо­лат Ыды­ры­сов «Ха­лы­қа­ра­лық жасыл тех­но­ло­гия­лар және ин­вес­ти­ция­лық жо­ба­лар ор­та­лығы» КЕАҚ-да (IGTIC) өткен се­ми­нар ба­ры­сында сы­бай­лас жем­қор­лыққа қарсы заң­на­ма­дағы өз­ге­ріс­тер, сондай-ақ сы­бай­лас жем­қор­лық құқық бұ­зу­шы­лық­тары үшін әкім­ші­лік және қыл­мыс­тық жауап­ты­лық ша­ра­лары туралы баян­дады. Се­ми­нар Бас­қарма тө­ра­ға­сы­ның мін­де­тін ат­қа­рушы Бауыр­жан Әбе­нов­тің же­тек­ші­лі­гі­мен, сы­бай­лас жем­қор­лық­тың алдын алу жө­нін­дегі уә­кі­летті ор­ган­мен өзара іс-қимыл ая­сында ұйым­дас­ты­рылды.

Спикер ква­зи­мем­ле­кет­тік сектор мен мем­ле­кет­тік ор­ган­дарда орын алған сы­бай­лас жем­қор­лық фак­ті­ле­рі­нен мы­сал­дар кел­ті­ріп, сы­бай­лас жем­қор­лыққа қарсы сая­сат­тың не­гізгі ерек­ше­лік­тері, сы­бай­лас жем­қор­лыққа қарсы шек­теу­лерді сақтау, аза­мат­тар­дың құ­қық­та­рын қорғау те­тік­тері және сы­бай­лас жем­қор­лық фак­ті­лері туралы ха­бар­лау тәр­тібі жө­нінде тү­сін­дірді. Со­ны­мен қатар қыз­мет­кер­лер­дің сұ­рақ­та­рына жауап берді.

Атал­ған шара қыз­мет­кер­лер­дің адал­дық қа­ғи­дат­тары мен сы­бай­лас жем­қор­лыққа қарсы заң­нама та­лап­тары жө­нін­дегі ха­бар­дар­лы­ғын ар­тты­руға, әдепті мінез-құлық мә­де­ние­тін ны­ғай­туға және сы­бай­лас жем­қор­лыққа мүлдем төз­беу­ші­лік көз­қа­ра­сын қа­лып­тас­ты­руға ба­ғыт­талды.