Қазақстан GCIP жасыл инновациялар бағдарламасын Орталық Азияда кеңейтіп жатыр

Қазақстан GCIP жасыл инновациялар бағдарламасын Орталық Азияда кеңейтіп жатыр

Қазақстанда 2023 жылдан бастап іске асырылып жатқан Global Cleantech Innovation Programme (GCIP) таза технологиялар саласындағы жаһандық инновациялар бағдарламасы әрі қарай дамып, өңірлік деңгейге шығады. Самарқанда (Өзбекстан) өтіп жатқан ECO EXPO CENTRAL ASIA 2026 халықаралық көрмесі шеңберінде Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі, Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы (IGTIC) және Өнеркәсіптік даму жөніндегі Біріккен Ұлттар Ұйымы (UNIDO) арасында осындай уағдаластық жасалды.

Жаһандық экологиялық қордың (GEF) қолдауымен IGTIC пен UNIDO бірлесіп іске асырып жатқан GCIP жасыл акселерациялау ұлттық бағдарламасы Қазақстандағы жұмысының кезекті кезеңін 2026 жылы аяқтайды. Осы уақыт ішінде ұлттық деңгейде GCIP бағдарламасын енгізген Орталық Азиядағы алғашқы және бірден-бір ел – Қазақстан болды.

Іске асырылып жатқан үш жыл ішінде климаттық және экологиялық стартаптардың тұрақты экожүйесі қалыптасты. Үш акселерациялық цикл ішінде бағдарламадан 100-ге жуық инновациялық жоба сәтті өтті, бұл ретте стартаптардың 40 %-ын кәсіпкер әйелдер басқарады. Бағдарлама түлектерінің жиынтық табысы 2 млн. АҚШ долларынан асты.

Бағдарламаға қатысушылар халықаралық аренада бәсекеге қабілеттіліктің жоғары деңгейін көрсетті. Қазақстандық стартаптар әлемнің үздік инновациялық жобаларының қатарында еліміздің атынан өнер көрсетіп жыл сайын Стамбул мен Венада өткен Cleantech Days жаһандық байқауының жеңімпаздары мен жүлдегерлері атанды.

Қазақстанда GCIP іске асырудың табысты нәтижелері бағдарламаны дамытудың жаңа кезеңі үшін негіз болды. Бастаманы Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Түрікменстанды қоса алғанда, Орталық Азия елдеріне кеңейту жоспарланып отыр.

UNIDO өкілдері Дарья Шумилова мен Джорджия Иорданеску аймақтық бағдарламаны бірлесіп ілгерілетуге дайын екендіктерін мәлімдеді. Тараптар Климаттық инновациялар экожүйесін дамытуға, стартаптарды қолдауға және жасыл технологиялар саласындағы халықаралық ынтымақтастықты кеңейтуге мүдделілігін растады. Тараптар Климаттық инновациялар экожүйесін дамытуға, стартаптарды қолдауға және жасыл технологиялар саласындағы халықаралық ынтымақтастықты кеңейтуге мүдделілігін растады.

2027 жылы Қазақстанда GCIP ұлттық бағдарламасына қатысушылардың жаңа жиынтығын іске қосу, сондай-ақ Орталық Азия жасыл акселерациясын дамыту бойынша серіктестермен жұмысты жалғастыру жоспарлануда. Бірінші өңірлік акселерациялық бағдарлама Астанадағы RES 2026 EXPO көрмесі аясында сәтті өткізілді және Орталық Азия елдері мемлекеттерінің басшылары деңгейінде қолдау тапты, бұл Саммиттің қорытынды декларациясына енгізілді.

GCIP бағдарламасын жалғастыру инновациялық экономиканы дамытудағы, өңірлік ынтымақтастықты нығайтудағы және Орталық Азиядағы орнықты даму мақсаттарына қол жеткізуге ықпал ететін климаттық технологияларды ілгерілетудегі маңызды қадам болады.