Мониторинг, аналитика және КЭР басқармасының бас менеджері

 

  1. Лауазым туралы ақпарат
1 Лауазымның атауы: Мониторинг, аналитика және КЭР басқармасының бас менеджері
2 Құрылымдық бөлімше Ең үздік қолжетімді техникалар бюросы
3 Функционалдық міндеттері 1)      ЕҚТ анықтамалықтарын қолдану мониторингін жүргізу, ЕҚТ енгізу дәрежесін және енгізілген ЕҚТ-ның нәтижесінде қол жеткізілген нәтижені талдау;

2)      әлемде жаңа ЕҚТ пайда болуы тұрғысынан аралық талдау жүргізу;

3)      ЕҚТБ құзыреті шегінде ең үздік қолжетімді техникалар саласындағы нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру бойынша ұсыныстар дайындауға қатысу;

4)      ЕҚТ анықтамалықтарының өзектілігі мен нәтижелілігіне талдау жүргізу;

5)    ЕҚТ бойынша анықтамалықтарды талдау, іздеу және әлеуетті тапсырыс берушілермен өзара іс-қимыл жүргізу процесін жүзеге асыру;

6)      ЕҚТ анықтамалықтарын қайта қарау, ЕҚТ анықтамалықтарын өзектілендіру қажеттілігі бойынша ұсынымдар дайындау;

7)      ЕҚТ бойынша анықтамалықтың тиімділігіне талдау жүргізу (салыстыру, ЕҚТ бойынша анықтамалықтың тиімділігіне талдау жүргізу (эмиссияларды (шығарындыларды, төгінділерді, қалдықтарды) және ресурс сыйымдылығын қысқарту) ЕҚТ бойынша анықтамалықты енгізудің ықтимал артықшылықтарын салыстыру);

8)      ЕҚТанықтамалықтары басқармасымен бірлесіп перспективалық ЕҚТ анықтамалықтарын әзірлеу кестесін қалыптастыру;

9)      ЭЫДҰ елдерінің КЭР беру жөніндегі тәжірибесін зерделеу;

10)  кешенді экологиялық рұқсат алуға өтінімнің құжаттамасын әзірлеу және сараптамалық сүйемелдеу;

11)  МАжКЭРБ құзыретіне кіретін мәселелер бойынша уәкілетті органға презентациялық және талдамалық материал дайындау;

12)  МАжКЭРБ жобасы басшысы/басшысын дәлелді себеппен жұмыста болмаған кезеңде оның міндетін атқару;

13)  функционалдық құзыреттілік бөлігінде ЕҚТБ стратегиялық құжаттарын (ХЖТИЖО Даму стратегиясы, жоспарлы жылға арналған даму жоспары, жоспарлы жылға арналған ББ 044 іске асыру жөніндегі жол картасы) әзірлеу және іске асыруды қамтамасыз ету;

14)  ІНҚ-ға және Қоғамның басшылығының және құрылымдық бөлімшенің тікелей басшысының тапсырмаларына сәйкес өзге де функцияларды орындау.

 

  1. Үміткерлерге қойылатын талаптар
1 Білім деңгейі/бейіні Жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім: жаратылыстану ғылымдары (экология) / ауыл шаруашылығы ғылымдары / техникалық ғылымдар және технологиялар / құқық / ақпараттық-коммуникациялық технологиялар / әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес салаларында.
2 Кәсіби ортадағы жұмыс тәжірибесі (бейіні/ұзақтығы) Кәсіби салада/лауазым бейіні бойынша кемінде 3 жыл практикалық жұмыс өтілі.

(Лауазымның функционалдық бағыттары бойынша экология саласында, сондай-ақ Қоғамның бейініне сәйкес келетін институттарда және/немесе мемлекеттік басқару органдарында жұмыс тәжірибесінің болғаны жөн.)

3 Қосымша талаптар Қоршаған ортаны қорғау, эко-аудит, эко-менеджмент саласында сертификаты болғаны құпталады.
4 Білімі, тәжірибесі және негізгі дағдылары 1)          Қоршаған ортаны қорғау, техникалық реттеу саласындағы қызметті регламенттейтін Қазақстан Республикасының заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ Қоғам қызметінің басым бағыттарын айқындайтын салалық заңнаманы білу;

2)          қоршаған ортаға теріс әсерді азайтуға бағытталған Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағдарламаларын білу;

3)          Қазақстан Республикасының экологиялық және салық заңнамасын білу;

4)          ішкі еңбек тәртібі, өндірістік санитария қағидаларын, өрт қауіпсіздігі талаптарын білу;

5)          стратегияларды, саясаттарды, тұжырымдамаларды және салалық бағдарламаларды әзірлеу және іске асыру дағдылары;

6)          қоршаған ортаны қорғауға байланысты мәселелер мен жобалар бойынша сыртқы органдармен және ұйымдармен өзара іс-қимыл тәжірибесі;

7)          компаниялардың қоршаған ортаға теріс әсерін азайтуға бағытталған саладағы қызметін экономикалық ынталандыру шараларын жақсарту бойынша ұсынымдар әзірлеу дағдылары;

8)          үлкен көлемдегі деректермен жұмыс істеу, талдау және ұсыныстар әзірлеу дағдылары;

9)          Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне ұсыныстар әзірлеу және өзгерістер енгізу дағдылары;

10)      шарттық жұмысты жүргізу дағдылары;

11)      Талдамалық дағдылар, халықаралық стандарттарды Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына және ұлттық / салалық стандарттарға бейімдеу дағдылары;

12)      Қазақстан Республикасының стандарттау және сертификаттау саласындағы заңнамасын білу;

13)      корпоративтік басқару қағидаттарын білу;

14)      тұрақты даму жүйелерін құру қағидаттары мен әдістерін білу.

5 Жеке қасиеттері Кең ауқымды мүдделі тараптармен жұмыс істеу дағдысы;

Келіссөздер жүргізе білу, консенсусқа қол жеткізе білу;

Коммуникациялық және презентациялық дағдылар (көпшілік алдында сөйлеу, сұхбат, жариялау тәжірибесі).

6 Тілдерді, оның ішінде мемлекеттік тілді меңгеру деңгейі (қай тілді білетінін көрсету) Орыс, қазақ тілдерін білу. Ағылшын тілін “Intermediate” деңгейінен төмен емес деңгейді білу (жақсырақ)
7 Дербес компьютерді пайдалану дағдылары (бағдарламалар, меңгеру дәрежесі): MS Office бағдарламаларының жетік меңгерген;

заманауи ақпараттық технологияларды қолдана отырып жұмыс істеу дағдылары бар.

 

– Өтінімдерді қабылдау: 2026 жылғы 25-31 тамыз аралығында

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлғалар құжаттарын электронды түрде электрондық пошта мекенжайына тапсыра алады hr@igtipc.org, a.atymtayev@igtipc.org сұрақтар бойынша 8 (7172) 57-32-53 телефонына хабарласуға болады.