БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

Freedom Holding Corp. компаниясы COP31 конференциясында Қазақстандағы аралас климаттық қаржыландыру тәжірибесі мен әлеуметтік бастамаларын таныстырды


ЖАРИЯЛАНҒАН: 14.11.2026
БӨЛІСУ:
← Барлық жаңалықтар

Freedom Holding Corp. компаниясы COP31 конференциясы аясында «Міндеттемелерден инвестицияларға: тұрақты дамуды іске асыру жолдары» атты панельдік сессия барысында аралас климаттық қаржыландыру және әлеуметтік бастамалар бойынша өз тәжірибесімен бөлісті. Freedom Holding Corp. компаниясының тұрақты даму және сыртқы байланыстар жөніндегі бас директоры Бағлан Мусина іс-шараның модераторы әрі негізгі спикері болды.

Өз сөзінде Бағлан Мусина компанияның өңірдегі экологиялық проблемаларды шешу үшін техникалық қаржы құралдарын интеграциялау жөніндегі практикалық тәжірибесімен таныстырды:

– «Freedom Шапағат» корпоративтік қоры арқылы Арал теңізінің құрғаған табанының экожүйесін қалпына келтіру жөніндегі пилоттық жоба іске асырылды. Аралас қаржыландыру көздерін пайдалану және жұртшылықты жобаға тарту мақсатында Freedom компаниясы арнайы «Аралды сақта» дебеттік картасын іске қосты. Карта бойынша есептелген кешбэк өңірді қалпына келтіру жұмыстарына бағытталады;

– Қазақстанның Қызылорда облысындағы Жіңішқекұм ауылында «Eco Aul» пилоттық жобасы аясында тұрғындар тазартылған ауызсумен қамтылды. Жергілікті мектеп күн панельдері арқылы электр энергиясын пайдаланып, Starlink жүйесі арқылы интернетке қол жеткізді;

– Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасымен (БҰҰДБ) және ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігімен бірлесіп, «Іле-Балқаш» мемлекеттік табиғи резерватында тұран жолбарысын қайта жерсіндіру бағдарламасы іске асырылып жатыр. Биыл алғашқы екі жолбарыс табиғи мекендеу ортасына жіберілді. Бағдарламаны қолдау мақсатында Freedom компаниясы кешбэк қаражатын осы жобаға аудару тетігі көзделген тұран жолбарысына арналған дебеттік картаны шығаруды да жоспарлап отыр.

Freedom компаниясы БҰҰ-ның Жаһандық шартының қатысушысы болып табылады және өз қызметінде БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарын іске асыруға үлес қосып келеді. Экологиялық жобалармен қатар, «Freedom Шапағат» корпоративтік қоры арқылы білім беру, спорт және мәдениет салаларындағы ауқымды бастамалар жүзеге асырылып жатыр. Білім беру жобаларының қатарына Freedom компаниясының еліміздің өңірлік жоғары оқу орындарындағы гранттары, стипендиялары мен тәлімгерлік бағдарламалары жатады. «Teach for All» жаһандық бастамасының құрамына кіретін «Teach for Qazaqstan» жобасы әртүрлі салаларда жұмыс істейтін мамандарды қайта даярлап, оларды педагог кадрлар тапшылығы байқалатын өңірлерге мұғалім ретінде жіберуді көздейді. «Uni Football League» инклюзивті футбол жобасы ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған футбол секцияларының жұмысын ұйымдастырады. Freedom Holding Corp. компаниясының бас атқарушы директоры Тимур Русланұлы Турлов Қазақстанның жасөспірімдер футбол лигасы – Freedom QJ League қамқоршылық кеңесін де басқарады. Сонымен қатар, ол Халықаралық шахмат федерациясының (FIDE) президенті және Қазақстан шахмат федерациясының (KazChess) президенті болып табылады. Freedom компаниясының спорт саласына жүйелі түрде демеушілік қолдау көрсетуі спорт түрлерінің дамуына және Қазақстанда сапалы спорт резервін қалыптастыруға ықпал етеді.

Холдингтің барлық жобалары туралы толығырақ ақпаратты компанияның ресми сайтында жарияланған Тұрақты даму жөніндегі жыл сайынғы есептен алуға болады: https://ir.freedomholdingcorp.com/esg-for-investors.

«Біздің бизнесіміз адамдардың қаржыға, нарықтарға және қызметтерге қол жеткізу мүмкіндігін қамтамасыз етуге негізделген. Алайда адамдардың мүмкіндіктері қоршаған ортаның жай-күйіне тікелей байланысты: экожүйелердің тозуы халық денсаулығының нашарлауына және табыс көздерінің қысқаруына әкеледі. Біздің тәжірибеміз корпоративтік ресурстарды, техникалық қаржы инфрақұрылымын және клиенттердің белсенді қатысуын ұштастыру – нақты жобаларды іске асыруға мүмкіндік беретінін көрсетіп отыр. Келесі қадам – халықаралық климаттық қаржыландыру тетіктерін тарта отырып, серіктестік негізінде осындай шешімдердің ауқымын кеңейту», – деп атап өтті Freedom Holding Corp. компаниясының тұрақты даму және сыртқы байланыстар жөніндегі бас директоры Бағлан Мусина.

Пікірталасқа халықаралық климаттық қаржыландыру институттарының (оның ішінде Жасыл климаттық қордың), БҰҰ-ның Жаһандық шартының, қаржы инфрақұрылымы және бизнес-консалтинг саласының өкілдері қатысты. Қатысушылар экологиялық және әлеуметтік міндеттемелерді қоғам мен бизнеске ұзақ мерзімді пайда әкелетін, инвестициялық тұрғыдан тартымды жобаларға айналдыру тетіктерін талқылады.

Сессияға қатысушылар жеке капиталдың, БҰҰ институттарының сараптамалық әлеуеті мен мемлекеттік қолдауды үйлестіру – климаттық декларациялардан нақты жергілікті нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік беретін негізгі фактор деген ортақ пікірге келді.