БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ
ХЖТИЖО және Азия Даму Банкінің өкілдері ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқылады

Өз сапары барысында АДБ өкілдері ХЖТИЖО іске асырылатын қызметпен және бағдарламалармен танысты, жасыл технологиялар саласындағы стартап жобаларды жеделдету саласындағы қол жеткізілген нәтижелер туралы хабардар етті, сондай-ақ АДБ-ның қаржылық қолдауымен жаңа бағдарламаларды іске қосу мүмкіндігін талқылады.
Кездесу қорытындысы бойынша АДБ өкілдері ынтымақтастықты одан әрі дамытуға қызығушылық білдіріп, қазіргі заманғы жаһандық сын-қатерлерді шешу және Қазақстан Республикасының тұрақты дамуына жәрдемдесу үшін ортақ күш-жігерді нығайтудың маңыздылығын атап өтті. Тараптар бірлескен жобалар мен бастамаларды дамыту үшін үнемі пікір және ұсыныстар алмасуға уағдаласты.
