Өз сапары барысында АДБ өкілдері ХЖТИЖО іске асырылатын қызметпен және бағдарламалармен танысты, жасыл технологиялар саласындағы стартап жобаларды жеделдету саласындағы қол жеткізілген нәтижелер туралы хабардар етті, сондай-ақ АДБ-ның қаржылық қолдауымен жаңа бағдарламаларды іске қосу мүмкіндігін талқылады.
Кездесу қорытындысы бойынша АДБ өкілдері ынтымақтастықты одан әрі дамытуға қызығушылық білдіріп, қазіргі заманғы жаһандық сын-қатерлерді шешу және Қазақстан Республикасының тұрақты дамуына жәрдемдесу үшін ортақ күш-жігерді нығайтудың маңыздылығын атап өтті. Тараптар бірлескен жобалар мен бастамаларды дамыту үшін үнемі пікір және ұсыныстар алмасуға уағдаласты.

