Негізгі мазмұнға өту
Баспасөз релизі

Қазақстандық стартап Орталық азиядағы Eco Startup Competition Central Asia 2026 байқауында жеңіске жетті

Жарияланды:
Бөлісу:

Қа­зақ­стан­дық AUA Line стар­тапы RES 2026 EXPO көр­месі ая­сында өткен Eco Startup Competition Central Asia 2026 ха­лы­қа­ра­лық бай­қауы­ның Гран-при иегері атанды.

Ха­лы­қа­ра­лық жасыл тех­но­ло­гия­лар және ин­вес­ти­ция­лық жо­ба­лар ор­та­лығы ұйым­дас­тыр­ған бай­қау­дың фи­на­лында тұ­рақты даму, ре­сур­старды бас­қару және эко­ло­гия­лық тех­но­ло­гия­лар са­ла­сын­дағы ин­но­ва­ция­лық ше­шім­дерді ұсын­ған өңір­дің үздік кли­мат­тық стар­тап­тары бас қосты.

Байқау қо­ры­тын­дысы бо­йынша жоғары ма­ра­пат – Гран-приді Ор­та­лық Азия­ның Кли­мат­тық күн тәр­ті­біне әсер етудің жоғары дең­ге­йін, ин­но­ва­ция­лы­лы­ғын және әлеуе­тін көр­сет­кен – AUA Line (Қа­зақ­стан) жобасы алды. Жо­ба­ның не­гі­зін қа­лаушы – Иман­ға­лиева Нар­мина.

Бай­қау­дың же­ңім­пазы атан­ған жо­ба­лар: Water Watch AI Plus (Қыр­ғыз­стан) – Абышев Оман, Defuse-IT (Өз­бек­стан) – Озодов Эзоз­бек, Sirly (Өз­бек­стан) – Но­си­ров Ход­жиак­бар, Organic Living (Өз­бек­стан) – Пу­ла­това Оди­на­хон мен Га­ниева Ро­бия­бону.

Байқау ая­сында мы­на­дай жүлде қоры қа­рас­ты­рылды: Гран-при иегері 5 мил­лион теңге кө­ле­мінде ақ­ша­лай сыйлық алды, тағы төрт фи­на­лис­тке 3 мил­лион тең­ге­ден сыйлық бе­рілді.

Ұсы­ныл­ған жо­ба­лар су ре­сур­ста­рын бас­қару мен қал­дық­тарды азай­ту­дан бастап циф­рлық кли­мат­тық ше­шім­дерді ен­гі­зуге және тұ­рақты өн­ді­ріс­тік мо­дель­дерді да­мы­туға де­йінгі “Жасыл” тран­сфор­ма­ция­ның не­гізгі ба­ғыт­та­рын қам­тиды.

Байқау ая­сында “Кли­мат­тық ин­но­ва­ция­ларды өңір­лік дамыту” стра­те­гия­лық сес­сиясы өтті, оған Ор­та­лық Азия ел­де­рі­нің бе­йінді ми­нис­трлік­те­рі­нің өкіл­дері қа­тысты. Қа­ты­су­шы­лар cleantech-ше­шім­дерді бір­ле­сіп іл­ге­рі­лету, Кли­мат­тық стар­тап­тар эко­жү­йе­сін дамыту және өңір­лік ын­ты­мақ­тас­тықты кү­шейту пер­спек­ти­ва­ла­рын тал­қы­лады.

Eco Startup Competition Central Asia 2026 – өңір­дің тұ­рақты да­муына және кли­мат­тық мақ­сат­тарға қол жет­кі­зуге үлес қоса алатын ин­но­ва­ция­лық жо­ба­ларды анық­тау және қолдау үшін не­гізгі алаң­дар­дың біріне ай­налды.

Ес­те­рі­ңізге сала ке­те­йік, RES 2026 EXPO көр­месі Ас­та­нада 22-24 сәуір ара­лы­ғында өтті және Ор­та­лық Азияда жасыл тех­но­ло­гия­ларды, ин­вес­ти­ция­лар мен ин­но­ва­ция­ларды іл­ге­рі­лету үшін плат­форма құра отырып, же­текші ком­па­ния­лар, ха­лы­қа­ра­лық ұйым­дар мен са­рап­шы­лар бас қосты.