Қатты тұрмыстық қалдықтарды басқару. Қазақстанның курорттары

Шучинск-Бурабай және Баянауыл курорттық аймақтарында қатты тұрмыстық қалдықтарды (ҚТҚ) басқару жүйесін дамыту үшін Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы (ХЖТжИЖО) Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігімен бірлесіп, ЕҚЫҰ-ның қаржылық қолдауымен және Ақмола және Павлодар облыстары әкімдіктерінің жәрдемдесуімен халықаралық тәжірибе мен жасыл технологияларды тарту бойынша жобаны іске асыруда.

Жобаның мақсаты жергілікті мамандарды қалдықтар мен полигондарды басқару бойынша озық технологиялармен таныстыру, ҚТҚ басқару инфрақұрылымын дамыту үшін білім алмасу болып табылады.

Қалдықтарды басқару бойынша компанияларға, ҚТҚ полигондарына, қалдықтардың ірі көздері шоғырланған жерлерге бару жоспарланып отыр. Жұмыс қорытындысы бойынша курорттық аймақтардағы қалдықтарды басқару бойынша ағымдағы жағдайды талдай отырып, сол талдау нәтижесі бойынша есеп және жағдайды жақсарту бойынша мүдделі тараптарға берілетін  техникалық ұсыныстар әзірленетін болады.

Сондай-ақ, Қазақстан аумағында қалдықтардың осы түрлерін көмуге тыйым салу шеңберінде тамақ және құрылыс материалдарының қалдықтарын басқаруды практикалық оқытудың пилоттық жобасының тұжырымдамасы ұсынылатын болады (ҚР Экологиялық кодексінің 301-бабы). Бұл жоба Қазақстанның барлық өңірлерінің мамандары үшін практикалық оқыту базасын құруға бағытталатын болады.

 

Іс-шаралар

  • Щучинск-Бурабай курорттық аймағына бару (22-25 маусым)
  • Бурабай к. әкімдігіндегі жұмыстық кездесу (24 маусым)
  • Баянауыл курорттық аймағына бару (26-29 маусым)
  • Нұрсұлтан қаласындағы дөңгелек үстел (2 шілде)

otchet1

  Фотогалерея

Круглый стол

Круглый стол

Боровое

Боровое

Баянаул

Баянаул

Жоба жетекшісі:
Досумбекова Дания
Тел:  +7 701 519 5008
Эл. пошта: d.dosumbekova@igtipc.org

alan

Қатты тұрмыстық қалдықтарды басқару. Қазақстанның курорттары Қатты тұрмыстық қалдықтарды басқару. Қазақстанның курорттары
Мәңгілік Ел даңғылы, С1.4 Z00Y4T8 Нұр-Сұлтан Ақмола облысы Қазақстан