Басқарма

Каримсаков Дидар Нұрлыбекұлы

Каримсаков Дидар Нұрлыбекұлы

Басқарма Төрағасының м. а.
«Жасыл технологиялар және инвестициялық жобалардың халықаралық орталығы» КЕАҚ

Каримсаков Дидар Нұрлыбекұлы

Каримсаков Дидар Нұрлыбекұлы

М.С.Нарикбаев атындағы Қазақ гуманитарлық-заң университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.

Жалпы жұмыс өтілі 15 жылдан астам, оның ішінде басшылық лауазымдарда 5 жылдан астам.

Еңбек жолын «Республикалық ғарыштық байланыс орталығы» АҚ-да құқықтық қамтамасыз ету секторының заң мәселелері бойынша кеңесші болып бастады.

2008-2019 жылдары мемлекеттік және жеке секторлардың түрлі компанияларында жұмыс істеді: «Самұрық-Қазына Инвест», «Қазақстанның Даму Банкі», «Казахстанская правда» республикалық газеті, «Қазына Капитал Менеджмент» және т. б.

2020-2021 жылдары «QazTech Ventures» Заң департаментінің директоры, «QazTrade» аппаратының басшысы болып жұмыс істеді.

2023 жылғы маусымнан бастап «Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы» КЕАҚ Басқарма Төрағасының орынбасары болып табылады.

 

Каримсаков Дидар Нұрлыбекұлы Каримсаков Дидар Нұрлыбекұлы
Ерлан Эдгеевич Тасбаев

Ерлан Эдгеевич Тасбаев

Басқарма Төрағасының Орынбасары
«Жасыл технологиялар және инвестициялық жобалардың халықаралық орталығы» КЕАҚ

Ерлан Эдгеевич Тасбаев

Ерлан Эдгеевич Тасбаев

Тасбаев Ерлан Едігеұлы 1975 жылы Павлодар облысы Екібастұз қаласында дүниеге келген.

Екібастұз тау-кен техникумын тау-кен техник-электромеханигі, Ак. Сәтбаев атындағы Екібастұз инженерлік-техникалық институтын тау-кен инженері мамандығы бойынша тәмамдаған. С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің құқық бакалавры, Инновациялық Еуразия Университетінің құқық магистрі дәрежелеріне ие болған.

Жалпы еңбек өтілі 27 жыл. Еңбек жолын 1996 жылы «Северный» разрезінде жұмыскер ретінде бастаған.

2003-2008 жылдар аралығында көмір өнеркәсібі, түсті металлургия және коммерциялық құрылымдардағы қоршаған ортаны қорғау салаларында инженерлік-техникалық және басқарушылық қызметтер атқарған.

Мемлекеттік қызметтегі жолында 2008 жылдың соңынан бастап қатардағы маманнан Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің бөлім басшысы қызметіне дейін көтерілген.

«Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы» КЕАҚ-да еңбек жолын 2020 жылдың тамыз айынан ЕҚТ бюросының басшысы ретінде бастады. Қазіргі уақытта ЕҚТ блогына жетекшілік ететін Басқарма Төрағасының орынбасары болып саналады.

Қызмет жолында ведомстволық грамоталармен және наградалармен бірнеше рет марапатталды, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен «Ерен еңбегі үшін» мемлекеттік наградасы берілді.

Ерлан Эдгеевич Тасбаев Ерлан Эдгеевич Тасбаев