2018 жылдан бері «Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы» (ХЖТИЖО) коммерциялық емес акционерлік қоғамы жұмыс істейді. Орталық - «Астана ЭКСПО-2017» көрмесінің мұрасының идеологиялық жалғасы, «жасыл» экономиканы дамытудағы жаһандық қауымдастықтағы стратегиялық серіктестерге ие, сондай-ақ Қазақстанның баламалы энергетикалық жобаларына инвестиция тартуға үлес қосады.