Ең озық қолжетімді технологиялар

Ең озық қолжетімді технологиялар — қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштерін қамтамасыз етуге дейін шаруашылық қызметтің қоршаған ортаға теріс әсерінің деңгейін азайтуға бағытталған, ұйымдастыру және басқару шараларын қамтамасыз ететін, пайдаланылатын және жоспарланатын салалық технологиялар, техника мен жабдық.

Бүгінгі күні Орталық ОҚТ бойынша төрт анықтамалық әзірледі, онда «жасыл талаптар» жеткілікті түрде қарастырылған – ҚР Үкіметінің анықтамалықтарды бекіту рәсімін одан әрі жүргізу үшін Қазақстан Республикасының экология, геология және табиғи ресурстар министрлігіне берілді:

  • «Энергия өндіру мақсатында ірі қондырғыларда отын жағу»;
  • «Мұнай және газ өңдеу»;
  • «Цемент және әк өндірісі»;
  • «Бейорганикалық химиялық заттар өндірісі».
  • «Шаруашылық және (немесе) өзге де қызметті жүзеге асыру кезіндегі энергетикалық тиімділік» (бұл анықтама энергия тиімділігі бойынша халықаралық ынтымақтастық жөніндегі Герман қоғамының (GIZ) көмегімен гранттық қаражатқа әзірленген).

Жоғарыда аталған анықтамалықтарды әзірлеу барысында тұрақты негізде мемлекеттік органдардың өкілдерімен және жұртшылықпен кездесулер өткізілді. ОҚТ бойынша төрт анықтамалықты әзірлеуге барлығы 335 маман жұмылдырылды, 2021 жылы 24 отырыс өткізілді, олардың нәтижелері бойынша анықтамалықтардың барлық жобалары 2021 жылғы 21 қазанда ең үздік қолжетімді техникалар жөніндегі Комитетте бекітілді.

ОҚТ бойынша анықтамалықтардың жобалары ғылыми–техникалық кеңесте қаралды, сондай – ақ анықтамалықтарды әзірлеу кезінде Халықаралық сараптамалық қолдау көрсетілді (Еуропалық Одақтың «Еуропалық Одақ– Орталық Азия: Су ресурстары, қоршаған орта және климаттың өзгеруі саласындағы ынтымақтастық» WECOOP-жобасы; Германияның қоршаған орта жөніндегі федералдық агенттігі (UBA).); Атмосфералық ауаның ластануы және климаттың өзгеруі мәселелері жөніндегі сараптама орталығы (CITEPA).

Сондай-ақ, 2022 жылғы 24 қаңтарда аталған анықтамалықтар қоғамдық талқылау арқылы қоғамдық тыңдау рәсімінен өткенін және оны еліміздің жұртшылығы мақұлдағанын атап өту қажет.

ОҚТ бойынша анықтамалықтардың жобаларын әзірлеу кезінде сала кәсіпорындарының нақты жай-күйі, сондай-ақ нормалау тәсілдеріндегі айырмашылық және Еуропа мен Қазақстандағы қоршаған орта сапасының нормативтеріне қол жеткізу ескерілді

Ағымдағы жылы орталық жеті анықтамалықты әзірлеу үстінде:

  • "Мыс және бағалы металл өндірісі - алтын"
  • "Мырыш және кадмий өндірісі"
  • "Қорғасын өндірісі"
  • "Темір кендерін өндіру және байыту (қара металдардың өзге де кендерін қоса алғанда)"
  • "Түсті металл кендерін (бағалы металдарды қоса алғанда) өндіру және байыту"
  • "Мұнай және газ өндіру"
  • "Ферроқорытпа өндірісі"