Қазақстанда ЖЭК дамыту перспективалары

Бүгінде жаңартылатын энергия көздеріне (ЖЭК) белсенді қызығушылық әлемдік экономикада ғана емес, Қазақстанда да байқалады. Еліміз өз алдына өршіл мақсаттар қойып отыр-2050 жылға қарай барлық энергия тұтынудың кем дегенде жартысын жаңартылатын және баламалы энергия көздеріне көшіру. 2011 жылдың басынан бері Қазақстанда ЖЭК нысандарының жалпы саны 23-тен 111-ге дейін өсті. Өсудің негізгі түйінді драйверлеріне: заңнаманы, "жасыл" тарифтің кепілдігін және электр энергиясын сатып алуды, сондай-ақ жаңа стратегияны жатқызуға болады.

Бұл туралы «Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы» КЕАҚ ұйымдастырған онлайн вебинар аясында талқыланды.

Онлайн кездесу жұмысына Samruk-Green Energy, «Атамекен» ҚР ҰКП, Kazakh Invest, KZ ERG Kazakhstan, Zhasyl El және т. б. өкілдері қатысты.

Вебинар аясында БҰҰДБ-ҒЭҚ «Жаңартылатын энергия көздеріне инвестициялау тәуекелдерін азайту» жобасының сарапшысы Ерлан Дайырбеков энергия тиімділігі және ЖЭК бойынша жобалар не үшін қажет екендігі туралы айтып берді, сондай-ақ ЖЭК бойынша технологиялардың бірқатар мысалдарымен бөлісті. Спикер атап өткендей, бұл жобалар энергия тұтынуды қысқартуға, ЖІӨ энергия сыйымдылығын және экономиканың климатқа әсерін төмендетуге, сондай-ақ таза энергияның қолжетімділігін арттыруға және жылу мен жарық жайлылығын жақсартуға мүмкіндік береді.

Өз кезегінде, ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетінің «Ақпараттық және есептеу технологиялары институтының» аға ғылыми қызметкері, PhD Мұрат Құнелбаев термосифон айналымы бар екі контурлы гелиоқондырғының жобасын таныстырды.

Оның айтуынша, жоба жылу және энергиямен жабдықтау мәселелерін шешіп қана қоймай, тұтынушылардың әлеуметтік-экономикалық өмірін айтарлықтай жақсартады. Күн-энергетикалық әлеуетті тиімді пайдалану өте тартымды және перспективалы болып көрінеді. Айтпақшы, жоба гелиотехникаға, атап айтқанда күн энергиясының гелио қондырғыларына жатады және оны ыстық сумен жабдықтау және тұрмыстық және өнеркәсіптік құрылыстарды жылыту жүйелерінде пайдалануға болады.

Онлайн кездесудің қорытындысы бойынша қатысушылар вебинарда қозғалған тақырыптардың нақты маңыздылығын атап өтіп, пікір алмасты және спикерлерден өздерін қызықтырған сұрақтарға толық жауап алды.

Қазақстанда ЖЭК дамыту перспективалары Қазақстанда ЖЭК дамыту перспективалары
Мәңгілік Ел даңғылы, С1.4 Z00Y4T8 Нұр-Сұлтан Ақмола облысы Қазақстан