Иванова Анна Олеговна

Иванова Анна Олеговна 2021 жылғы 28 мамырда ХЖТИЖО КЕАҚ Директорлар кеңесінің мүшесі болып тағайындалды. 

  

А.О. Иванова «Экономика және менеджмент» мамандығы бойынша жоғары білім алған. 

  

Анна Иванова 20 жылдан астам ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінде жұмыс істейді. Қазіргі уақытта - Меншіктің мемлекеттік мониторингі, сенімгерлік басқару және концессия басқармасының басшысы лауазымын атқарады. ҚР «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңына сәйкес мемлекет қатысатын бірқатар ұйымдардың Директорлар кеңестерінің (Қадағалау кеңестерінің) құрамына кіреді. Мемлекеттің қатысуы бар мемлекеттік емес заңды тұлғалармен жұмыс істеу, оның ішінде корпоративтік басқару бөлігінде үлкен практикалық тәжірибесі бар.  

Тұрмыста, 2 баласы бар. 

Иванова Анна Олеговна Иванова Анна Олеговна
Мәңгілік Ел даңғылы, С1.4 Z00Y4T8 Нұр-Сұлтан Ақмола облысы Қазақстан