• Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы 13-ші Халықаралық тау-кен металлургия конгресіне қатысты

Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы 13-ші Халықаралық тау-кен металлургия конгресіне қатысты

Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы 13-ші Халықаралық тау-кен металлургия конгресіне қатысты

whatsapp image 2023 06 01 at 16.48.35 1

Конгресс шеңберінде ұйымдастырылған дөңгелек үстел барысында экология мен экологиялық заңнамадағы өзекті мәселелер, ірі өндірістердің ең озық қолжетімді техника (ЕҚТ) қағидаттарына көшу мәселелері, сондай-ақ өнеркәсіптік кәсіпорындарды декарбонизациялау мәселелері, Қазақстандағы климаттың өзгеруі жөніндегі проблемалар талқыланды.

Талқылауға ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі, сондай-ақ ірі өндірістердің, халықаралық ұйымдардың, ғылыми институттардың және т. б. өкілдері қатысты.

21

Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы Басқарма төрағасының орынбасары Ерлан Тасбаев өз сөзінде ЕҚТ қағидаттарын енгізудің негізгі аспектілерін ұсынды. Сонымен қатар, Ерлан Тасбаев дөңгелек үстелге қатысушылардың назарына тау-кен металлургия кешенінің қызметін қамтитын ЕҚТ бойынша анықтамалық жобаларын ұсынды.

Сондай-ақ, ол өз сөзінде ол ЕҚТ күн тәртібіне сәйкес келетін ESG принциптеріне назар аударды. Оның айтуынша, ірі компаниялар ESG критерийлерін өз қызметінде қандай да бір түрде ескереді, өйткені критерийлерге сәйкестік дәстүрлі қаржылық көрсеткіштермен қатар инвестициялар тартымдылығының маңызды индикаторына айналады.

«ЕҚТ - халықаралық деңгейде танылған, энергия мен ресурс тиімділігін пайдалануға байланысты шетелдік инвесторларға түсінікті әмбебап құрал. Бұл қолданылатын көрсеткіштер инвестицияларды тарту үшін материалдарды дайындауды пайдалануда объективті, сенімді болып саналады», - деп түйіндеді Ерлан Тасбаев.

Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы 13-ші Халықаралық тау-кен металлургия конгресіне қатысты Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы 13-ші Халықаралық тау-кен металлургия конгресіне қатысты
Мәңгілік Ел даңғылы, С1.4 Z00Y4T8 Нұр-Сұлтан Ақмола облысы Қазақстан