• Басты бет
  • Жаңалықтар
  • АҚШ пен ҚР арасындағы кеңейтілген стратегиялық әріптестік жөніндегі комиссияның отырысы өтті

АҚШ пен ҚР арасындағы кеңейтілген стратегиялық әріптестік жөніндегі комиссияның отырысы өтті

3

31 мамырда АҚШ-та Вашингтонда стратегиялық әріптестік бойынша кеңейтілген отырыс өтті, оған Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің атынан “Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы” КЕАҚ Басқарма Төрағасы Дидар Қарымсақов қатысты.

Кездесу барысында қазақстандық тарап метан бойынша жаһандық бастаманың қабылданған міндеттемелерін, сондай-ақ АҚШ пен ҚР арасындағы бірлескен мәлімдемені орындау мақсатында ұлттық деңгейде метан шығарындыларын азайту жөніндегі жол картасы әзірленгенін айтты. Жол картасы әдістемелік, институционалдық бөлік бойынша іс-шараларды, сондай-ақ мұнай-газ саласындағы, көмір өнеркәсібіндегі, ауыл шаруашылығы және қалдықтарды басқару секторларындағы ірі жобаларды қамтиды.

«Сонымен қатар метан шығарындылары бойынша халықаралық обсерваториямен (IMEO) белсенді ынтымақтастық жүргізіліп жатыр.  Дүниежүзілік Банктің Траст қорынан "Метанды алауда жағу және қайта өңдеу жөніндегі жаһандық серіктестік" бағдарламасы (Global Flaring and Methane Reduction Partnership) шеңберінде қаржылық көмек алу мүмкіндігі зерттелді және қазіргі уақытта Қазақстан жобаны қалыптастыру және Қорға өтінім беру бойынша белсенді жұмыс жүргізіп жатыр» – деп атап өтті Дидар Нұрлыбекұлы.

5

Халықаралық энергетикалық агенттіктің бағалауы бойынша 2022 жылы антропогендік метанның жалпы әлемдік шығарындылары 356 млн тоннаны құрады (ауыл шаруашылығы шығарындылардың негізгі көзі болып табылады – 141 млн. тонна). 

2022 жылы Қытай метан шығарындыларының әлемдегі ең ірі көзіне айналды (55,7 миллион тонна). Америка Құрама Штаттары мен Үндістан биыл екінші және үшінші орындарды иеленді, олардың әрқайсысының шығарындылары шамамен 30 миллион метрикалық тонна метанды құрайды. 

Бүгінгі таңда 149 ел метан бойынша жаһандық бастама туралы міндеттемелерге қосылды. Алайда, метан шығарындыларының он ірі көздерінің ішінде төрт ел бұл бастамаға қатыспай отыр: Қытай, Үндістан, Ресей және Иран.  

*Анықтама:

Қытай – 55,7 млн тонна;

АҚШ – 31,8 млн тонна;

Үндістан – 29,7 млн тонна;

Ресей – 24,4 млн тонна;

Бразилия – 20 млн тонна;

Индонезия – 14,3 млн тонна;

Пәкістан – 7,7 млн тонна;

Иран – 7,4 млн тонна;

Нигерия – 6,6 млн тонна;

Мексика – 6,1 млн тонна.

Отырыс қорытындысы бойынша америкалық тарапқа қаржыландыру үшін жобалар пулы ұсынылды.

* Халықаралық энергетикалық агенттіктің қолжетімді деректері (https://www.iea.org/data-and-statistics/data-tools/methane-tracker)

АҚШ пен ҚР арасындағы кеңейтілген стратегиялық әріптестік жөніндегі комиссияның отырысы өтті АҚШ пен ҚР арасындағы кеңейтілген стратегиялық әріптестік жөніндегі комиссияның отырысы өтті
Мәңгілік Ел даңғылы, С1.4 Z00Y4T8 Нұр-Сұлтан Ақмола облысы Қазақстан