• Басты бет
  • Жаңалықтар
  • «Тұрақты даму мақсатындағы су» Халықаралық Іс-қимылдар Онжылдығы бойынша жоғары деңгейдегі Үшінші Халықаралық Конференция

«Тұрақты даму мақсатындағы су» Халықаралық Іс-қимылдар Онжылдығы бойынша жоғары деңгейдегі Үшінші Халықаралық Конференция

photo 2024 06 10 21 50 38

2024 жылғы 10 маусымда 2018–2028 Халықаралық Іс-қимылдар Онжылдығы бойынша жоғары деңгейдегі Үшінші Халықаралық Конференция (бұдан әрі - Конференция) шеңберінде «Су және Климаттың өзгеруі» Орталық Азия форумы өтті.

Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі климаттың өзгеруіне бейімделу жөніндегі ұлттық іс-қимылдар бойынша баяндама жасауға «Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы» КЕАҚ өкілі Айдар Есембаевты ұсынды.

Қазақстан 1995 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымының Климаттың өзгеруі туралы негіздемелік конвенциясының (БҰҰ КӨНК), 2009 жылы Киото хаттамасының және 2016 жылы Париж келісімінің қатысушысы бола отырып, климаттың өзгеруі мәселесін шешуге және бейімделу шараларын белсенді әзірлеуге жан-жақты қатысатынын растайды.

 «Климаттың өзгеруіне бейімделу жөніндегі шараларды одан әрі іске асыру үшін Қазақстанда Жасыл климат қоры мен БҰҰДБ-ның қолдауымен климаттың өзгеруіне бейімделу жөніндегі ұлттық жоспарды әзірлеу жөніндегі жоба іске асырылғалы жатыр. Жобаның басты мақсаты климаттық тәуекелдерді ұлттық және субұлттық деңгейлерде дамуды жоспарлауға интеграциялау және Қазақстанның климаттың өзгеруіне тұрақтылығын нығайтатын бейімделу жөніндегі кезеңдік және трансформациялық шараларды іске асыруды қамтамасыз ету болып табылады» - деп атап өтті  Айдар Есембаев.

Конференцияға сондай–ақ Орталық Азия елдерінің даму жөніндегі халықаралық серіктес ұйымдарының, уәкілетті органдарының өкілдері қатысты. Бірінші күнгі кездесу қорытындысы бойынша қатысушылар ақпарат және тәжірибе алмасу, климаттық өзгерістерге қарсы күрес мәселелері бойынша ынтымақтастықты нығайту бөлігінде ортақ күш-жігерді одан әрі біріктіру туралы шешім қабылдады.  

«Тұрақты даму мақсатындағы су» Халықаралық Іс-қимылдар Онжылдығы бойынша жоғары деңгейдегі Үшінші Халықаралық Конференция «Тұрақты даму мақсатындағы су» Халықаралық Іс-қимылдар Онжылдығы бойынша жоғары деңгейдегі Үшінші Халықаралық Конференция
Мәңгілік Ел даңғылы, С1.4 Z00Y4T8 Нұр-Сұлтан Ақмола облысы Қазақстан