IGTIC халықаралық әріптестік аясын кеңейтуде

Женевада Халықаралық жасыл технология және инвестициялық жобалар орталығы (IGTIC) басшысы Рапиль Жошыбаевтың Швейцарияда тіркелген халықаралық ұйымдардың басшыларымен екіжақты кездесулері болып өтті.

БҰҰ Еуропалық Экономикалық Комиссия Атқарушы директоры (ЕЭК) Ольга Алгаеровамен кездесуде Қазақстан мен Орталық Азия аймағында «ЕЭК аймағында ғимараттардың энерготиімділігінің стандарттары» жобасын бірлесіп іске асыру және Еуропалық инвестициялық банк пен ЕО арқылы аталмыш жобаны қаржыландыру перспективалары талқыланды.

БҰҰ ЕЭК басшысымен кездесуде тәжірибе алмасу, халықаралық норма мен стандарттарды енгізу, жасыл энергетика саласында жергілікті мамандар дайындау үшін платформа құру мүмкіндігі қарастырылды. Осы мақсатта IGTIC-ті ЕЭК-ның АҚШ, Канада, Ирландия, Сингапур және Қытай елдеріндегі осындай орталықтары мен мемлекеттік университеттерін біріктіріп отырған Алдыңғы қатарлы орталықтар жүйесіне қосу ұсынылды.

Жасыл экономикаға көшу жөніндегі Тұғырнаманы іске асыру, Қазақстанның жаңа экологиялық кодексін дайындау, экологиялық саясатты қалыптастыру жөніндегі ынтымақтастық мәселелері БҰҰ қоршаған ортаны қорғау жөніндегі Бағдарламасының (UNEP) Аймақтық Еуропалық кеңсесінің атқарушы директоры Бруно Поццимен талқыланды. UNEP басшысы Қазақстанның экологиялық ұйымдар ассоциациясы мен IGTIC-тің «жасыл» процестерді жүргізудегі және экологиялық проблемаларды шешу үшін ортақ іс-қимылдың қажеттігінде ерекше рөлін атқаратынын атап өтті. Рапиль Жошыбаев пен Бруно Поцци қоршаған ортаны қорғау жөніндегі жобалар мен шараларды тиімді іске асыру үшін Қазақстандағы UNEP кеңсесімен бірігіп іс-қимыл жасауға уағадаласты.

Рапиль Жошыбаев халықаралық әріптестерін Астана экономикалық форумына, және сондай-ақ 5 маусымдағы Дүниежүзілік қоршаған ортаны күніне арналған «Болашаққа эко-көпір» форумына, «Нұр-Сұлтан – Бұрабай – Нұр-Сұлтан» маршруты бойынша «Jasyl Jol» электромобилдерінің қазақстандық бірінші жарысы сияқты IGTIC шараларына қатысуға шақырды.

ХЖТИЖО Баспасөз қызметі

e-mail: igtickz@gmail.com

Марат Мухамедсалиев +7776 9994099

Жамиля Нашекен +7701 7411007

IGTIC халықаралық әріптестік аясын кеңейтуде
IGTIC халықаралық әріптестік аясын кеңейтуде
IGTIC халықаралық әріптестік аясын кеңейтуде IGTIC халықаралық әріптестік аясын кеңейтуде
Мәңгілік Ел даңғылы, С1.4 Z00Y4T8 Нұр-Сұлтан Ақмола облысы Қазақстан