• Басты бет
  • Баспасөз хабарлама
  • Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығында көміртегі салығын енгізу мәселелері талқыланады

Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығында көміртегі салығын енгізу мәселелері талқыланады

2021 жылғы 14 шілдеде Еуропалық комиссия («Комиссия) 2050 жылға қарай көміртегі бейтараптығына қол жеткізуге бағытталған климаттың өзгеруіне байланысты шаралардың неғұрлым кең пакеті шеңберінде Еуропалық Одақтың көміртегі шекараларын реттеу тетігін («CBAM) белгілейтін регламент бойынша ұсынысты бекітуге ұсынды. Бұл құрал Еуропалық Одаққа импортталатын тауарлардан тікелей және жанама шығарындыларды қамти отырып, олардың көміртегі ізіне қарай көміртегі бажын алуды көздейді.

Көміртегі шекараларын реттеу механизмін («CBAM») және оның Қазақстанға қалай әсер ететінін талқылау үшін «Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы» КЕАҚ (ХЖТИЖО) 2021 жылғы 17-18 тамыз аралығында «Green webinar» платформасында «Қазақстанның төмен көміртекті даму тұжырымдамасы шеңберіндегі көміртегі салығы» ақырыбында ақылы онлайн семинар өткізеді.

Семинар бағдарламасында ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі, «Жасыл даму» АҚ өкілдері, сондай-ақ төмен көміртекті даму саласындағы жетекші сарапшы, Coral future климат өзгерістері және тұрақты даму мәселелері бойынша консалтингтік компаниянсының атқарушы директоры - Сантош Сингх сөз сөйлейді деп жоспарланған.

Семинар аясында келесі тақырыптар талқыланады: корпоративтік экологиялық тұрақтылық; көміртегі салығын енгізудің әлемдік тәжірибесі; Қазақстанның климаттық саясаты; Қазақстанның төмен көміртекті даму тұжырымдамасы; Қазақстан кәсіпорындарында ЖЭК көздерін көміртегі ізін азайту мүмкіндігі ретінде енгізу; шекаралық көміртегі салығы; көміртекті офсет.

Семинарға «ХЖТИЖО» КЕАҚ ҒТД, ҒТК офисі және ЖКИ басшысы Медиева Гүлбазар модератор болады.

Семинарға қатысуға қазба отын кәсіпорындары мен көміртекті қажетсінетін өнеркәсіптік тауарлар шығаратын өндірістік кәсіпорындардың өкілдері, студенттер, жоғары оқу орындарының қызметкерлері, сондай-ақ барлық мүдделі тұлғалар шақырылады.

Семинардың соңында барлық қатысушыларға сертификат беріледі.

Семинарға қатысу үшін мына номерге хабарласуларыңызды:: 8 (702) 1191200; 8 (7172) 793234 немесе мына е-mail-ге хабарлама жазуларыңызды сұраймыз: l.abizhanova@igtipc.org; greenwebinar@igtipc.org.

«Қазақстанның төмен көміртекті даму тұжырымдамасы шеңберіндегі көміртегі салығы» тақырыбында семинар бағдарламасы

Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығында көміртегі салығын енгізу мәселелері талқыланады Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығында көміртегі салығын енгізу мәселелері талқыланады
Мәңгілік Ел даңғылы, С1.4 Z00Y4T8 Нұр-Сұлтан Ақмола облысы Қазақстан