Қазақстан Республикасы мен Еуропалық Одақтың көміртегі бірліктерінің сауда жүйесін интеграциялау жолында

epa 1391 1

ЕО әлемде алғашқылардың бірі болып ШСЖ дамуына қол жеткізді. ШСЖ дамуындағы негізгі прогреске ЕО қол жеткізді, ЕО шығарындылар саудасы жүйесі (EU ETS) 2005 жылы парниктік газдар шығарындыларын азайту стратегиясының негізгі элементі ретінде іске қосылды. EU ETS-көміртегі бірліктерінің әлемдегі ең ірі сауда нарығы. Сауда схемасы көміртегі шығарындыларына квоталарды тиімді бөлу үшін жағдай жасайды, бұл өз кезегінде жыл сайын қысқарып, экономиканы декарбонизациялауға мәжбүр етеді.

«Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы» КЕАҚ (бұдан әрі - Орталық) жүргізіліп жатқан реформа шеңберінде Қазақстан Республикасы Көміртегі бірліктерінің мемлекеттік тізілімінің операторы бола отырып, ҚР ШСЖ ұқсас халықаралық жүйелермен интеграциялау қажеттігін түсіне отырып, осындай интеграцияның салдары тәуекелдерін бағалай отырып, ынтымақтастық және интеграция тетігін пысықтап жатыр.

epa 1325

Осы мақсатта 2021 жылғы 6 желтоқсанда Варшава қаласында (Польша Республикасы) гибридтік форматта Орталықтың Қоршаған ортаны қорғау институтымен - Польша Республикасының климат және қоршаған орта министрлігінің Ұлттық зерттеу институтымен екі жақты кездесуі өтті, оның барысында «ХЖТИЖО» КЕАҚ Директорлар кеңесінің төрағасы Данияр Ереншінов Өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Ұлттық шығарындыларды теңгерімдеу және басқару орталығы (KOBiZE) Польша Республикасынан ҚР ШСЖ қалыптастыру жұмысы жөніндегі Орталықтың серіктесі ретінде белгіленді, ол ЕО  шығарындыларына рұқсаттар тізілімінің польшалық бөлігін жүргізуді қоса алғанда, Польшадағы Еуропалық Одақтың шығарындылар саудасы жүйесіне (EU ETS) әкімшілік етеді.

Бұл саладағы ынтымақтастық Қазақстанның ШСЖ үздік әлемдік тәжірибелерге сәйкес іске асырылуына және Қазақстан Республикасының ЕО-ны трансшекаралық көміртекті реттеу тетігін (СВАМ) енгізуден болатын тәуекелдерін азайтуға мүмкіндік береді.

Польшаның атынан Қоршаған ортаны қорғау институтының - Ұлттық зерттеу институтының директоры Кристиан Шчепаньский ҚР ШСЖ ЕО ұқсас жүйесімен интеграциялау бойынша іске асыру шеңберінде тәжірибе алмасуға, сараптамалық сүйемелдеуге және ғылыми-әдістемелік қолдауға әзірлігін білдірді.

Польша тарабы сарапшылар қоғамдастығы деңгейіндегі келесі кездесуде ынтымақтастық жөніндегі бірқатар мәселелерді талқылауды ұсынды. Кристиан Шчепанскийдің айтуынша, олар үшін бұл әрекеттестік  - басқа елдерге үлгі болатын көміртекті реттеу саласындағы алғашқы халықаралық ынтымақтастық.

Өз кезегінде Данияр Ереншінов ЕО ШСЖ үлгісімен ҚР ШСЖ құру бойынша Польша тарапының әріптестік көмегінің қажеттілігі туралы мәлімдеді.

Польшаның энергия балансындағы көмір генерациясы ЕО елдерінің ішіндегі ең үлкені-шамамен 80%. Осылайша, көмір генерациясынан бас тарту мәселелері осы ел үшін күн тәртібіндегі басты мәселе, осы тұрғыда Қазақстан мен Польшаның экономиканы декарбонизациялау мәселелері бойынша ынтымақтастығы - міндеттері ұқсас өзекті әрекеттестік болып табылады.

epa 1416

Қазақстан Республикасы мен Еуропалық Одақтың көміртегі бірліктерінің сауда жүйесін интеграциялау жолында Қазақстан Республикасы мен Еуропалық Одақтың көміртегі бірліктерінің сауда жүйесін интеграциялау жолында
Мәңгілік Ел даңғылы, С1.4 Z00Y4T8 Нұр-Сұлтан Ақмола облысы Қазақстан