IGTIPC жапондық Mitsubishi Heavy Industries, Ltd компаниясымен ынтымақтастықты жалғастыруда

 dsc5757

2023 жылғы 2 ақпанда Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы (бұдан әрі - IGTIPC) басшылығының металл конструкцияларын, энергетикалық жүйелерді, климаттық жабдықтарды және т. б. өндіруді жүзеге асыратын әлемдік ауқымдағы жапондық өнеркәсіптік компания Mitsubishi Heavy Industries, Ltd өкілдерімен жұмыс кездесуі өтті.

Кездесу барысында жапондық тарап әртүрлі түтін газдарынан CO2-ны ұстаудың өнеркәсіптік қондырғыларын, сондай-ақ компанияның тұжырымдамалық жобадан бастап жұмыс жобалары мен жобаларды жүзеге асыруға дейінгі процестерін таныстырды.

Өз кезегінде, IGTIPC басшылығы ең үздік қолжетімді техникалар бойынша анықтамалықтарды әзірлеу, сондай-ақ қазақстандық өнеркәсіптік кәсіпорындардың ЕҚТ қағидаттарына көшуі жөніндегі қызмет бойынша ақпаратты ұсынды.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар белгілі бір бағыттар бойынша ынтымақтастықты жалғастыру туралы уағдаласты.

 dsc5759

IGTIPC жапондық Mitsubishi Heavy Industries, Ltd компаниясымен ынтымақтастықты жалғастыруда IGTIPC жапондық Mitsubishi Heavy Industries, Ltd компаниясымен ынтымақтастықты жалғастыруда
Мәңгілік Ел даңғылы, С1.4 Z00Y4T8 Нұр-Сұлтан Ақмола облысы Қазақстан