орталығы ЕО өкілдерімен кездесу өткізді

 dsc5775

Еуропалық комиссияның энергетика департаменті өкілінің Қазақстанға сапары барысында Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығының (ХЖТИЖО) Еуропалық Одақпен (ЕО) екіжақты ынтымақтастығын кеңейту мәселелері талқыланды. Кездесуге сондай-ақ Еуропалық Одақтың Қазақстандағы өкілдігінің мүшелері мен ХЖТИЖО басшылығы қатысты.

Өз кезегінде, ХЖТИЖО басшылығы орталық қызметінің негізгі бағыттарын, сондай-ақ Қазақстанның жасыл экономикаға көшуін қолдау және көміртегі бейтараптығына қол жеткізу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарды таныстырды.

 dsc5781

Еуропалық Одақ өкілдері тарапынан көміртегі бейтараптығына қол жеткізу жөніндегі ЕО елдерінің тәжірибесі, парниктік газдар шығарындыларын азайту және қажетті инвестициялар бойынша дамушы елдерді қолдау жөніндегі ЕО жоспарлары мен саясаттары туралы ақпарат ұсынылды.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар бұдан әрі ынтымақтастық және ЕО қаржыландыратын жобаларға қазақстандық компаниялардың қатысуы туралы келісті.

орталығы ЕО өкілдерімен кездесу өткізді орталығы ЕО өкілдерімен кездесу өткізді
Мәңгілік Ел даңғылы, С1.4 Z00Y4T8 Нұр-Сұлтан Ақмола облысы Қазақстан