«Readiness II» елдік жобасы іске қосылды

2023 жылғы 29 наурызда Қазақстан Республикасының жасыл климаттық қормен (ЖКҚ) қаржыландыруға дайындығын қамтамасыз ету жөніндегі «Readiness–II»ұлттық жобасы ресми іске қосылды. Жобаның мақсаты - елдің әлеуетін нығайту және ЖКҚ-ға тікелей қол жеткізу, климаттық инвестицияларды тарту және «жасыл» қаржы жүйесін дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасау.

ЖКҚ - дамушы елдердің климаттың өзгеруі мәселелерін шешуге, қолдауға бағытталып, арнайы Біріккен Ұлттар Ұйымының Климаттың өзгеруі туралы негіздемелік конвенциясы аясында құрылған жаһандық қор.

ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі мен «Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы» КЕАҚ ұйымдастырған іс-шараға орталық және жергілікті атқарушы органдардың, екінші деңгейдегі банктердің, қаржы мекемелерінің, сондай-ақ халықаралық және экологиялық ұйымдардың өкілдері қатысты.

Кездесу барысында жобаның негізгі мақсаттары мен міндеттері, кезеңдері, сондай-ақ оны іске асыру жоспарлары таныстырылды.

Іс-шараны құттықтау сөзімен аша отырып, ҚР Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Досбол Бекмағамбетов іске қосылатын «Readiness-II» жобасы ЖКҚ-мен жұмыс істеу үшін уәкілетті органның әлеуетін нығайтуға мүмкіндік беретінін, мемлекеттік қолдаудың көмегімен ғана емес, сонымен қатар халықаралық және ұлттық инвестициялардың тікелей ағыны арқылы жасыл жобаларды іске асыруға ықпал ететінін атап өтті.

Халықаралық жобаны іске асыру жөніндегі ұлттық Атқарушы агенттік «Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы» КЕАҚ белгілегенін атап өткен жөн.

«Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы» КЕАҚ Басқарма Төрағасы Олжас Ағабековтың айтуынша, жобаны іске асыру барысында қол жеткізілуі қажет бірқатар негізгі міндеттер бар, олардың бірі ЖКҚ рәсімдеріне сәйкес елдік бағдарламаны жаңарту және үйлестіру тетігін құру. Орталық басшысы атап өткендей, бұл жұмыс елімізде ЖКҚ-дан инвестиция тарту бойынша ұлттық операторларды кезең-кезеңімен құруды көздейді.

Екінші институционалдық міндет ұйымдарға қажетті сараптама мен әлеуетті құруға жәрдемдесуді, сондай-ақ ЖКҚ аккредиттеуге өтінімді дайындауға көмектесуді қамтиды. Жобаны іске асырудың тағы бір маңызды міндеті – «жасыл» қаржыландыру мәселелерін банк секторы мен қаржы

мекемелерінің қолданыстағы операцияларына интеграциялау тұжырымдамасын дайындау.

Қазақстандағы тұрақты қаржыландыру нарықтары, жасыл жобалардың таксономиясы, сондай-ақ ESG қағидаттарына жауап беретін «жасыл» қаржыландыруды қоса алғанда, 2026 жылға дейінгі инвестициялық саясат тұжырымдамасы туралы АХҚО тұрақты даму департаментінің директоры Айгүл Құсалиева айтып берді.

Осылайша, кездесу қорытындысы бойынша тараптардың тиімді өзара іс-қимылы үшін ықтимал тәсілдер қаралды, олар бірінші кезекте қатысушылар мен ұйымдастырушылар арасында одан әрі жемісті ынтымақтастықты жолға қоюға мүмкіндік береді.

«Readiness II» елдік жобасы іске қосылды «Readiness II» елдік жобасы іске қосылды
Мәңгілік Ел даңғылы, С1.4 Z00Y4T8 Нұр-Сұлтан Ақмола облысы Қазақстан