«Адал ұрпақ – таза қоршаған орта үшін» эко-дебаттық турнир

16 қыркүйек күні «Дүниежүзілік тазалық күні» («World Cleanup Day») аясында Астана қаласынының 8-11 сыныптары арасында «Адал ұрпақ - таза қоршаған орта үшін» тақырыбында эко-дебаттық турнир өтті. ⠀ Додаға 20 фракциядан тұратын 40 оқушы қатысты. Турнир барысында су ресурстарын үнемдеу, қоқыс қалдықтарын тиімді басқару, АЭС мәселесі және т.б. экологияға, қоршаған ортаны қорғауға бағытталған бірқатар тақырыптар қозғалды.

Қоршаған ортаны қорғау, оның қалыпты деңгейде сақталуына жағдай жасау – баршамыздың қасиетті парызымыз. Табиғатты аялау жайлы жан-жақты жеткізіп, экологиялық күн тәртібін әрдайым жоғары ұстауымыз қажет. Бұл тұрғыда ұшқыр мен ой мен логиканың, жедел ойлау мен тапқырлықтың алаңы – дебат ойындарының маңызы зор.

Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы айтқандай, Қазақстанның тұрақты дамуы «экология-экономика-қоғам» үш тағанында үйлесімді жүзеге аспақ. Ал ол концепцияны дамытуда қуатты әрі білімді жас өрендердің рөлі зор!

«Адал ұрпақ – таза қоршаған орта үшін»дебат турнирінде озық аргументтерімен ерекшеленіп, жеңімпаз атанған фракцияларды құттықтаймыз!

16 сентября в рамках» Всемирного дня чистоты «(»World Clean Up Day«) среди 8-11 классов Астаны прошел эко-дебатный турнир на тему «Адал ұрпақ- таза қоршаған орта үшін».

 

photo_5206720881244623297_y.jpg   photo_5206720881244623296_y.jpg

 

photo_5206720881244623298_y.jpg  photo_5206720881244623298_y.jpg

 

photo_5206720881244623294_y.jpg

«Адал ұрпақ – таза қоршаған орта үшін» эко-дебаттық турнир «Адал ұрпақ – таза қоршаған орта үшін» эко-дебаттық турнир
Мәңгілік Ел даңғылы, С1.4 Z00Y4T8 Нұр-Сұлтан Ақмола облысы Қазақстан