Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі ХЖТИЖО-да оқыту өткізді

img 60011

2023 жылғы 1 қарашада Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігімен бірлесіп "Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы" КЕАҚ қызметкерлері үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнама талаптарын сақтау мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру іс-шарасын өткізді.

Кездесуде Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аса маңызды тапсырмалары жөніндегі офицері Жазира Жылқышиева сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестегі негізгі заң қағидаттарын, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу құралдарын, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы реформалар пакеттері мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер туралы ақпаратты ұсынды.

Бұдан басқа, Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Әдеп жөніндегі уәкілі Қабланбек Әшімов мемлекеттік қызметшілер арасында лудоманияның алдын алу және құмар ойындардың зияны бойынша жүргізіліп жатқан іс-шаралар туралы ақпарат берді.

Кездесу қорытындысы бойынша қатысушылар тақырып бойынша өздерін қызықтырған сұрақтар қойып, оларға толық жауаптар алды.

Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі ХЖТИЖО-да оқыту өткізді Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі ХЖТИЖО-да оқыту өткізді
Мәңгілік Ел даңғылы, С1.4 Z00Y4T8 Нұр-Сұлтан Ақмола облысы Қазақстан