• Басты бет
  • Баспасөз хабарламалары
  • «Қазақстандағы жаһандық таза технологиялар инновациялық бағдарламасы» (GCIP-Kazakhstan): Жоба нәтижелері және үздік стартаптарды марапаттау

«Қазақстандағы жаһандық таза технологиялар инновациялық бағдарламасы» (GCIP-Kazakhstan): Жоба нәтижелері және үздік стартаптарды марапаттау

Астана – 14 желтоқсанда елордада таза технологиялар саласындағы маңызды оқиға – «Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы» КЕАҚ ұйымдастыруымен «Қазақстандағы таза технологиялар саласындағы жаһандық инновациялық бағдарлама» (GCIP-Kazakhstan) жобасының Ұлттық форумы өтті.

2023 жылдың сәуір айынан бастап Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы жасыл технологиялар саласындағы стартаперлерді іздеуге, дамытуға және қолдауға бағытталған GCIP-Kazakhstan жобасын белсенді түрде жүзеге асыруда. Таңдалған 20-дан астам стартап қолдауға ие болып қана қоймай, сонымен қатар өздерінің инновациялық идеяларын елде жасыл жұмыс орындарын құруға ынталы бәсекеге қабілетті өнімдер мен қызметтерге айналдыру мүмкіндігіне ие болды. Жобалар экономиканың әртүрлі салаларын қамтиды, соның ішінде жаңартылатын энергия көздері, қалдықтарды басқару, су ресурстары, энергия тиімділігі және т.б. бар.

Форум барысында GCIP-Kazakhstan жобасының финалистері қазылар алқасына өз технологияларын ұсынды. Қазылар қатарында ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінің, сондай-ақ банк секторының өкілдері мен кәсіпкерлер болды.

Жобаларды таныстыру питчинг форматында өтті, онда әрбір стартапқа 4 минут уақыт берілді. Қазылар алқасы жобалардың технологиялық аспектілерін ғана емес, стартапшылардың таныстыру шеберлігін де бағалады.

Сонымен қатар, форум қатысушылары Investor Connect іс-шарасына қатысып, жасыл технологияларға қызығушылық танытқан инвесторлармен кездесті.

Сондай-ақ форум аясында стартаптарға жоба дизайнын әзірлеуге, сонымен қатар креативті шешімдер табуға және технологияларын жетілдіруге мүмкіндік беретін іскерлік ойын ұйымдастырылды.

Форум марапаттау рәсімімен аяқталып, онда 4 үздік стартап ЮНИДО мен GEF-тен 3 000 000 теңге көлеміндегі қаржыландыруға ие болды. Жеңімпаздар келесі стартаптар болды:

  • Krintel – Қатты қалдықтарды кәдеге жарату
  • Өзен-М – Су ресурстарын бақылау жүйесі
  • ReCompo – жасыл ғимарат
  • Крио адсорбент – ластанған аумақтарды тазалау
  • SAGI – қатты қалдықтарды қайта өңдеуді ынталандыруға арналған қосымша. Стартап әйелдер көшбасшылығы номинациясында жеңіске жетті.

Анықтама үшін:

GCIP-Kazakhstan жобасының негізгі мақсаты – инновацияларды ілгерілету, Қазақстанда жасыл жұмыс орындарын құру үшін ШОБ жобаларын (шағын және орта бизнес), жасыл технологиялар саласындағы стартаптарды қолдау. Грантты Қазақстанға Біріккен Ұлттар Ұйымының Өнеркәсіптік даму ұйымының (ЮНИДО) көмегімен Жаһандық экологиялық қор (GEF) берді.

«Қазақстандағы жаһандық таза технологиялар инновациялық бағдарламасы» (GCIP-Kazakhstan): Жоба нәтижелері және үздік стартаптарды марапаттау «Қазақстандағы жаһандық таза технологиялар инновациялық бағдарламасы» (GCIP-Kazakhstan): Жоба нәтижелері және үздік стартаптарды марапаттау
Мәңгілік Ел даңғылы, С1.4 Z00Y4T8 Нұр-Сұлтан Ақмола облысы Қазақстан