Digital Алматы: ESG трансформациясы үшін цифрлық шешімдер

a54a6268

Digital Almaty форумы аясында «Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы» КЕАҚ басқарма төрағасының орынбасары Қарымсақов Дидар Нұрлыбекұлының қатысуымен панельдік сессия өтті. Дидар Қарымсақов қаржылық институттарға қолжетімді климаттық және экологиялық тәуекелдерді бағалаудың онлайн құралын жасау бағытындағы кейстік зерттеулермен бөлісті.

Талқылаудың негізгі мәселелерінің бірі қаржылық институттарға климаттық және экологиялық тәуекелдерді бағалаудың цифрлық құралына қолжетімділікті қамтамасыз ету жоспары болды. Бұл бағыт байланысты қаржылық салдарларды тереңірек түсінуге ықпал етіп қана қоймай, сонымен қатар қаржы секторындағы ашықтық пен хабардарлықты арттырады.

Климаттық және экологиялық тәуекелдерді белсенді басқаратын қаржы институттары инвесторлардың, әсіресе тұрақты инвестициялауға бағытталғандардың назарын көбірек тарта алады. Сонымен қатар бұл тәсіл жаңа капиталды тарту және ұзақ мерзімді тұрақтылықты нығайту үшін драйвер болу мүмкіндігіне ие.

a54a6318

Сондай-ақ Орталық парниктік газдар шығарындылары туралы есеп берудің стандартты талаптарына бағынбайтын қаржы институттары үшін аса пайдалы болатын парниктік газдар шығарындыларын конверсиялаудың оңайлатылған коэффициенттерін әзірлеуді қолдайды.

Анықтамалық ақпарат: 2024 жылдың 1-3 ақпаны аралығында цифрлық трансформацияның негізгі мәселелерін, цифрлық технологиялар саласының жаңа стратегиялары мен негізгі трендтерін талқылау үшін 15 елден 200-ден астам жетекші әлемдік сарапшылардың басын қосқан Digital Almaty халықаралық цифрлық форумы өтті. Форум, әдеттегідей, цифрлық аренада зияткерлік тәжірибе мен идеялар алмасу алаңына айналады.

a54a6353

Digital Алматы: ESG трансформациясы үшін цифрлық шешімдер Digital Алматы: ESG трансформациясы үшін цифрлық шешімдер
Мәңгілік Ел даңғылы, С1.4 Z00Y4T8 Нұр-Сұлтан Ақмола облысы Қазақстан