Чехияның энергетикалық жетекшілерімен инновациялық ынтымақтастық

677e6856 af0a 4956 b58b 58e68f50e851

2024 жылғы 13 ақпанда «Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы» КЕАҚ қабырғасында Чехиядағы энергетикалық инновациялар саласындағы танымал көшбасшы «ORGREZ» компаниялар тобының өкілдерімен кездесу өтті.

Кездесуд мақсаты – Орталыққа энергетика саласын ұсынатын отандық кәсіпорындарға ресурстарды пайдалану және озық технологиялық және тазарту жабдықтарын өндірушілермен ынтымақтастық орнату мүмкіндігін беру.

Кездесу барысында тараптар өзара тиімді ынтымақтастық әлеуетін талқылап, тұрақты энергетика саласындағы озық шешімдерді енгізуге, сондай-ақ энергетика және жылу өнеркәсібіне қызмет көрсету мен жабдықтауды ұсынуға бағытталған стратегияларды әзірледі. Чехиялық кәсіпорындарда жаңа технологияларды енгізудің табысты тәжірибесі аталмыш технологияларды Қазақстандағы кәсіпорындарда қолданудың әлеуетін растайтынын атап өту маңызды. Бұл бастамалар осы саладағы еуропалық стандарттарға қол жеткізуге мүмкіндік береді.

9dc01dec 1e0e 46ec a67e d6ba811e5b38

«Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы» КЕАҚ ұжымы «ORGREZ» компаниялар тобының өкілдеріне экологиялық тұрақтылықты жақсартуға және энергетика саласындағы тиімділікті арттыруға бағытталған жобаларда бірлесіп жұмыс істеуге қызығушылық танытқаны үшін үлкен алғыс білдіреді. Екі тарап та осы жемісті диалогты жалғастырып, инновациялық жасыл технологияларды бірлесе дамытуға ниетті.

Бұл кездесу тұрақты энергетика саласындағы халықаралық ынтымақтастықты нығайтудағы негізгі қадам және инновациялар мен серіктестік арқылы тұрақты болашақты құруға деген талпынысты көрсетеді.

44aa169a 0a82 40e3 a242 1c8e921734eb

Чехияның энергетикалық жетекшілерімен инновациялық ынтымақтастық Чехияның энергетикалық жетекшілерімен инновациялық ынтымақтастық
Мәңгілік Ел даңғылы, С1.4 Z00Y4T8 Нұр-Сұлтан Ақмола облысы Қазақстан