Green Webinar: Энергетика саласы және кадр мәселесі

вебинар 1080 x 1350 px 2

2024 жылғы 9 ақпанда «Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы» вебинар ұйымдастырды. Бұл жолғы Green

Webinar-дың негізгі тақырыбы энергетика саласындағы кадрлық мәселелерге арналды. Өзекті мәселені талқылауға мемлекеттік органдар өкілдері, сондай-ақ мемлекеттік және үкіметтік емес ұйымдардың, бизнес пен өндіріс өкілдері қатысты.

Вебинарға қатысушыларды қарсы алған Ғылыми техникалық кеңес, Ғылыми техникалық даму кеңсесінің басшысы, модератор Гүлбазар Медиева іс-шара тақырыбының ерекше өзектілігін атап өтті. Гүлбазар Ақылқызының айтуынша, бұл саланың табысты жұмыс істеуінің маңызды құрамдас бөлігі – білікті кадрлармен қамтамасыз ету және жылдам өзгеретін технологиялық орта мен қауіпсіздіктің жоғары стандарттары жағдайында кадрларды даярлау мен қайта даярлаудың тиімді жүйесін құру.

Вебинарда Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және коммуникациялар университетінің ректоры Мұрат Қанатұлы Сыздықов, ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру мазмұны басқармасы басшысы Құдретуллаева Рызгүл Орынбасарқызы, «Атамекен» ҰКП Адами капиталды дамыту және бизнестің әлеуметтік саясаты комитеті Төрағасы Талғат Қазкенұлы Доскенов, сондай-ақ ҚР Энергетика министрлігі Электроэнергетиканы дамыту департаменті директорының орынбасары Бақтыбаева Гүлнар Құрманғалиқызы алғы сөз сөйледі.

Ең үздік қолжетімді техникалар бюросының басшысы Бауыржан Болатұлы Әбенов энергетика саласындағы «Ең үздік қолжетімді техникалар» қағидаттарына көшу кезіндегі кадр мәселесіне тоқталды. Спикер ЕҚТ қағидаттарына көшу кезіндегі адами ресурстар туралы ақпаратпен бөлісті. Бауыржан Болатұлының айтуынша, қазіргі 1000 астам сарапшы техникалық жұмыс топтарының мүшелері болса, 2000 аса сарапшы кешенді технологиялық аудит шеңберінде ЕҚТ анықтамалықтарын әзірлеумен айналысатын өнеркәсіптік кәсіпорындардың қызметкерлері болып отыр.

Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университетінің Жылу энергетикасы және басқару жүйелері институтының директоры Бегімбетова Айнұр Серікбайқызы өз баяндамасында жаңа міндеттер жағдайында энергетика саласы үшін кадрлар даярлау туралы айтты. Энергетикалық кәсіпорындардағы кадр тапшылығы проблемасы жөнінде маман: «Бүгінде Қазақстанның энергетикалық компанияларында кадр тапшылығы орта есеппен 11-16% дейін, кейбір өңірлерде 34% дейін жетеді, ал жоғары білімі бар мамандардың тапшылығы 4-8% дейін жетеді» дейді.

Энергетика саласындағы кадрлық қамтамасыз етудің негізгі мәселелерімен «Орталық Азия электр энергетикалық корпорациясы» АҚ Басқарма Төрағасының өндіріс жөніндегі орынбасары Олег Владимирович Перфилов бөлісті. Оның пікірінше, жұмысшыларға еңбекақы төлеу, сондай-ақ жас мамандардың тапшылығы – кадр мәселесін шешуде бірінші кезектегі мәселе. «Біріншіден, мәселені заңнамалық деңгейде шешіп, тарифтік сметаға жалақыны көбейтіп, жас мамандарға әлеуметтік пакеттерді енгізу қажет», - деді Олег Владимирович.

«Қарағанды Энергия орталығы» ЖШС (ЖЭО-3, ЖЭО-1) кадрлармен жұмыс бөлімінің басшысы Умалатова Зара Исаевна «Қарағанды Энергия орталығы» ЖШС-нің кадрларды толықтыру бойынша қызметімен таныстырды.

Академик Ш.Ш. Шокин атындағы «Қазақ энергетика ғылыми-зерттеу институты» ЖШС бас директоры Қазақстанның стратегиялық дамуын ескере отырып, ондағы энергетика саласына мамандар даярлаудың мәселлері туралы атап өтті. Спикер кәсіби стандарттардың қабылдануы туралы қажеттілік бар екенін қозғады.

Green Webinar: Энергетика саласы және кадр мәселесі Green Webinar: Энергетика саласы және кадр мәселесі
Мәңгілік Ел даңғылы, С1.4 Z00Y4T8 Нұр-Сұлтан Ақмола облысы Қазақстан