ЕҚТ комитетінің нұсқамалық отырысы өтті

2024 05 17 1

Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар вице-министрі М.Т. Ошурбаевтың төрағалығымен ең үздік қолжетімді техникалар комитетінің (бұдан әрі - ЕҚТ) нұсқамалық отырысы өткізілді.

Отырысты ҚР Экология және табиғи ресурстар вице-министрі М. Т. Ошурбаев ашты. «ЕҚТ комитеті құрылған сәттен бастап 2021 жылғы 1 қаңтарға арналған ластаушы заттардың жиынтық шығарындылары бойынша ең ірі, І санаттағы елу объектінің тізбесіне енгізілген қызмет түрлері бойынша қоршаған ортаға неғұрлым жиынтық әсер ету тұрғысынан І санаттағы объектілер үшін ЕҚТ бойынша 16 анықтамалық қаралды және келісілді, оларды Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітті», – деп Мансұр Тұрсынұлы ерекше атап өтті.

Сондай-ақ, «Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы» КЕАҚ Басқарма Төрағасының орынбасары Е.Е. Тасбаев «Орталықтың стратегиялық мақсаты ЭЫДҰ елдерінің озық тәжірибесіне сәйкес өнеркәсіптің ЕҚТ қағидаттарына көшуіне жәрдемдесу болып табылады. Бүгінгі таңда ЕҚТ қоршаған ортаны қорғау саласындағы тренд емес, экономиканың түрлі салаларында өнеркәсіпті дамытудың қажетті кезеңі болып табылатынын ескерсек, Қазақстандағы I санаттағы объектілерді ЕҚТ қағидаттарына көшіру мәселесін жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды жаңғырту және реконструкциялау және жоғары технологиялық және экологиялық стандарттарға сай келетін жаңа кәсіпорындар құрумен бірге жүретін  таяудағы перспектива ретінде қарастыру қажет», - деп түсіндіре келе, ЕҚТ бойынша анықтамалықтарды әзірлеу жөніндегі ағымдағы қызмет туралы баяндап берді.

2024 жылы Орталық ЕҚТ бойынша үш анықтамалықты әзірлеуді жүзеге асырады, көп еңбекті және бірнеше кезеңділігіне қарамастан оларды аяқтау ағымдағы жылға жоспарланып отыр:

1) «Негізгі органикалық химиялық заттар және полимер өндірісі»;

2) «Атмосфералық ауаға және су объектілеріне шығарылатын ластаушы заттардың эмиссияларына мониторинг жүргізу»;

3) «Елді мекендердің орталықтандырылған су тарту жүйелерінің сарқынды суларын тазарту»;

Отырыс қорытындысы бойынша ағымдағы жылдың соңына дейін ЕҚТ комитетінің әрі қарайғы жұмыс жоспары қаралып, келісілді.

ЕҚТ комитетінің нұсқамалық отырысы өтті ЕҚТ комитетінің нұсқамалық отырысы өтті
Мәңгілік Ел даңғылы, С1.4 Z00Y4T8 Нұр-Сұлтан Ақмола облысы Қазақстан